Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 140 мыңнан астам азамат коммуналдық өтема...

Алматыда 140 мыңнан астам азамат коммуналдық өтемақы алады

Әлеумет 29.11.2024, 17:18 862
Алматыда 140 мыңнан астам азамат коммуналдық өтемақы алады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттағы топтарға коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтергені үшін өтемақы ұзартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттағы топтарға коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтергені үшін өтемақы ұзартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бүгін Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы 1 сәуірге дейін халықтың әлеуметтік осал санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне өтемақы төлеуді 0,8 АЕК мөлшерінде ұзарту туралы шешімді бірауыздан қолдады.

Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында 2023 жылдың шілдесінен бастап жыл ішінде 0,8 АЕК мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік төлем көрсетілді. Әлеуметтік көмектің бұл түрін ХӘОТ 9 санатының ішінен 140 мыңнан астам азамат алды.

«Біз коммуналдық инфрақұрылымның жоғары тозуы аясында тарифті көтерудің үлкен қажеттілігі бар екенін түсінеміз, бірақ бұл ретте Алматы әкімдігі үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау әрқашан басымдыққа ие», - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Естеріңізге сала кетейік, ХӘОТ 9 санатына әлеуметтік төлем алу үшін (ҰОС ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік  қимылдардың ардагерлері, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісімен наградталған көпбалалы аналар,  көпбалалы отбасылар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару кезінде, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, құқық тәртібін қорғау кезінде жасына байланысты зейнеткерлер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) Алматыда тұрақты тіркелуі және тұрғылықты жері болуы, қала әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш беруі және сәйкестендіру үшін жеке куәлігін ұсынуы қажет.

Көмектің осы түрін ресімдегендерге өтініш берудің қажеті жоқ, оларға әлеуметтік көмек автоматты түрде ұзартылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,354 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.