ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда 10 қазанда тұрғын үйлерге жылу беріледі

Алматыда 10 қазанда тұрғын үйлерге жылу беріледі

Алматы 09.10.2025, 16:36 470
Алматыда 10 қазанда тұрғын үйлерге жылу беріледі
Nedopekin Yuriy
Әлеуметтік нысандарға 8 қазанда, тұрғын үйлерге жылу 10 қазаннан бастап  берілетін болды.

Қалада жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Әлеуметтік нысандарға 8 қазанда, тұрғын үйлерге жылу 10 қазаннан бастап  берілетін болды. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай осылай деп мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, Алматыда биылғы күзгі және қысқы кезеңге даярлық барысында инженерлік желілерді жаңарту басты назарда болды. Биыл 39 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылды. Бұл желілердің тозу деңгейін 1,8%-ға төмендетуге мүмкіндік берген.

«Жыл сайын жылу желілерінің тозу деңгейін 1,8–2%-ға төмендетуді жоспарлап отырмыз», - деді Нұрбақыт Серікбай.

Қазір қаланың барлық апаттық қызметтері күшейтілген жұмыс режимінде істеп жатыр. 100-ден астам апаттық бригада мен 400-ге жуық маман жұмылдырылған. Мазут пен көмір қоры да жеткілікті.

Спикердің айтуынша, тұрғындардың әлі де жылу желілеріне берешегі бар. Аралық кезеңде бұл мәселе жеке сот орындаушылары арқылы шешіліп жатыр. Ол жылу ақысын уақытылы төлеу инженерлік желілерді жаңартып, инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске салайық, Алматыда жылыту маусымы қала әкімінің қаулысына сәйкес 8 қазанда басталды. Бірінші кезекте балабақша, мектеп пен медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға жылу берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.