ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғыны ұлын тауып берген полицейлерге риза...

Алматы тұрғыны ұлын тауып берген полицейлерге ризашылығын білдірді 

Әлеумет 19.08.2025, 14:06 569
Алматы тұрғыны ұлын тауып берген полицейлерге ризашылығын білдірді 
Сурет: Polisia.kz
Алматы қалалық полиция департаментіне Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінің атына тұрғыннан алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментіне Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінің атына тұрғыннан алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Валентина Сергеевна есімді қала тұрғыны кәмелетке толмаған ұлының жалғыз өзі балық аулауға кетіп, байланысқа шықпай қойғанын хабарлаған. Анасы баласына үш сағат бойы хабарласа алмай, ақыр соңында полициядан көмек сұрауға мәжбүр болған. Шақырту түскен сәтте оқиға орнына жедел түрде патрульдік экипаж жіберілді. Полиция қызметкері Алмасбек Ауелов әріптестерімен бірге баланың геолокациясын анықтап, іздеуді дереу бастады. Бар болғаны бір жарым сағат ішінде жасөспірім табылып, үйіне аман-есен оралды. Қызметкерлер ата-анасымен және жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ересектерсіз су айдындарына барудың қауіпті екенін түсіндірді. 

"Барлық қызметкерлеріңіз азаматтардың мәселесіне бейжай қарамаса екен деймін. Бұл – басқа сала мамандарына да үлгі. Патрульдік полиция қызметкерлеріне шексіз алғысымды білдіремін, — делінген алматылық тұрғынның хатында. Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жакипбаев мұндай алғыс сөздердің маңызы ерекше екенін атап өтті: — Азаматтардың пікірі біз үшін өте құнды. Әрбір алғыс – қызметкерлер үшін жоғары баға әрі үлкен мотивация. Бұл олардың мамандығының қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін еске салады. Біз тұрғындардың өздерін қауіпсіз сезінуі және полицияға сенім артуы үшін барлық күшімізді жұмсаймыз", деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.