Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұрғындарына су, жылу және электр энергиясы...

Алматы тұрғындарына су, жылу және электр энергиясын тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу туралы айтылды

Әлеумет 19.07.2024, 16:48 912
Алматы тұрғындарына су, жылу және электр энергиясын тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу туралы айтылды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ресурстарды үнемдеу және болашақ ұрпақтың өмірін қамтамасыз ету мәдениетін жақсартуға көмектеседі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2024 жылы Қазақстанда коммуналдық ресурстарды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу жоспарлануда. Бастама негізгі коммуналдық қызметке қатысты: сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау.

ӨКҚ спикері су ресурстарын тұтыну мәдениетін арттыру және тұтынушыларды суды және жылуды үнемдеуге ынталандыру мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау қызметтерін тұтыну көлеміне байланысты жоғары тарифтерді белгілеуге бағытталған жеке тұлғалар (халық) тұтынушылар топтары үшін «тұтынудың әлеуметтік нормаларын» енгізу бөлігінде «неғұрлым көп үнемдесеңіз, соғұрлым аз төлейсіз» қағидаты бойынша өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

«Коммуналдық меншік саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қосымша алған табысы ТКШ саласындағы басым міндеттерді шешуге, оның ішінде ресурс үнемдеу технологияларын енгізуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, приборлауға және т.б. бағытталатын болады», - деді Әсел Бөденеева.

Сумен жабдықтау саласында тұтыну лимитіне байланысты төрт деңгейлі тарифті қолдану көзделген, мұнда экономикалық шығындар келесідей бөлінген:

1 топ – 3 текше метрге дейін тұтынушыларға қолданыстағы тариф;
2 топ – 3-тен 5 текше метрге дейін тұтынушыларға тариф қолданыстағы тарифтен 20% - ға жоғары болады;
3 топ – 5-10 текше метрге тариф 50 %-ға жоғары;
4 топ – 10 текше метрден асатын болса екі еселенген тариф қолданылады.

Жылумен жабдықтау саласында тарифтерді саралау бір абонентке шаққандағы тұрғын үй алаңының шамасы бойынша жүзеге асырылады.

1 топ – 100 ш. м. дейін бекітілген тариф;
2 топ – 100-ден 200 ш. м. дейін тариф бекітілгеннен 10% - ға жоғары;
3 топ – 200 ш.м. астам орташа еңбек тарифін қолданатын болады.

«Тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу қосымша табыстың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен сүйемелденетін болады», – деп түсіндірді Ә. Бөденеева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #жылу #Электр энергиясы #әлеуметтік нормалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.