AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы төрінде астаналық камералық хор өнер көрсет...

Алматы төрінде астаналық камералық хор өнер көрсетті

Мәдени Алматы 05.05.2026, 14:59 232 yakiya
Алматы төрінде астаналық камералық хор өнер көрсетті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының сахнасында Астанадан келген халықаралық конкурстардың лауреаты – Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры өнер көрсетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласының мәдени өмірінде айтулы оқиға болды. Бұл кеште ұжым хор өнерін сүйетін барша қауымға «Next Generation» атты жаңа әрі ерекше бағдарламасын ұсынды.

Сонымен қатар, астаналық ұжым Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен өткен V «Гүл Алматы – 2026» хор өнерінің фестиваль-концертіне қатысты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлмира Құттыбадамова бастаған Камералық хор ұжымы фестиваль аясында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігі үшін арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Концерт бағдарламасы әртүрлі мәдениеттердің інжу-маржандарынан жинақталған бірегей туындыға айналды. Тыңдармандар Әліби Әбдінұровтың «Айналайын» әнінен бастап, әзербайжанның «Ne baxirsan», түріктің «Entarisi ala benziyor» және үндінің «Dravidian Dithyramb» шығармаларына дейін ерекше әсермен қабылдады. Сонымен қатар, кеш барысында көрнекті қазақстандық композитор Әділ Бестыбаевтың рухына тағзым ретінде оның «Дауыс» шығармасы орындалып, қазақ даласының поэтикалық бейнелері Махамбет Өтемісұлы мен Мұқағали Мақатаевтың сөздеріне жазылған әндер арқылы қайта жаңғырды.

«Next Generation» концерті – бұл жаңа буын орындаушыларының энергиясы мен көркемдік ізденісінің жемісі. Бас хормейстер Данара Ташатова мен концертмейстер Гүлден Базыкеннің, сондай-ақ жас дирижерлер Әмірғали Ғабит пен Есімхан Алматтың еңбегі арқасында әрбір туынды өзіндік бояуын жоғалтпай, көрермен жүрегіне жол тапты. Бұл кеш музыканың шекара танымайтын құдіретін тағы бір мәрте дәлелдеп, жиналған қауымға ұмытылмас рухани шабыт сыйлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);