AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы тауларында смарт-навигатор мен Wi-Fi орнаты...

Алматы тауларында смарт-навигатор мен Wi-Fi орнатылған үйшік пен құтқару пункттері пайда болады

Өмір-өзен 15.07.2021, 13:29 2,020
Алматы тауларында смарт-навигатор мен Wi-Fi орнатылған үйшік пен құтқару пункттері пайда болады
Сурет: Naked-science.ru

Биыл тау туристерінің саны 4 есеге артқан.


Алматы қаласының туризм басқармасы басшысының орынбасары Марлен Маралов тау туризмін қауіпсіз етудің жай-жапсары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл тау туристерінің саны 4 есеге артқанын айтты. Осыған байланысты әкімдік Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы демалуы үшін қажетті жағдайлар жасау жоспарын әзірледі. Таулы маршруттардың шалғай тораптық учаскелерінде жаздың соңына дейін туристер паналау үшін 15 үйшік салынады.


Әрбір үйшікте іздестіру, құтқару қызметтері үшін картаға және GPS-координаттарға байланған реперлік бастырма да болады.  Төтенше жағдайлар туындаған кезде немесе ауа-райының қиын болуына байланысты үйшік туристер күтіп, қажетті көмек жиынтығын алуға мүмкіндік береді (алғашқы медициналық көмек жинағы, маршрут карталары, мобильді құрылғыларды зарядтау стансасы, жылы көрпе мен бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы). 


Үйшіктің жанына SOS спутниктік сигналын құтқарушылар пультіне енгізу жүйесі бар діңгектер орнатылады. Діңгектер шұғыл әрекет ету қызметтеріне қашықтан қосылады (ТЖД/112).


Апат сигналын беруге арналған барлық спутниктік жабдықтар таудағы үйшік конструкциясына біріктіріледі, сондай-ақ мачталар Wi-Fi функциясымен жабдықталады. Бұл жүйе шалғай таулы маршруттарда қиын жағдайға тап болған тәжірибесіз, дайын емес туристерге арналған. Пайдаланушы интерфейсі минималды-дауыстық қоңырау түймесі, бейне қоңырау камерасы мен бірнеше тілдегі нұсқаулар болады. 


Қосымша туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру мен тауға шығуға арналған смарт-навигатор түріндегі қосымшаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіледі. Ол ТЖД базасымен интеграцияланатын болады.


Биыл Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 2 бақылау-құтқару пункті салынады. Сондай-ақ алғаш рет құрылған 16 адамнан тұратын тау құтқарушыларының жасағы тәулік бойы кезекшілік етеді. "Тұйықсу" шатқалында қосымша тікұшақ алаңы салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cпутник #земля #Роскосмос #Алматы #тау #Горы #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);