ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі

Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі

Тәуелсіздік-30 10.12.2021, 07:02 1,386
Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі
Сурет: Sitystar.khabar.kz
Бүгін 1991 жылы 10 желтоқсанда Назарбаев ҚР Президенті ретінде ант берген күн

Бүгін 1991 жылы 10 желтоқсанда Назарбаев ҚР Президенті ретінде ант берген күн


Nur Otan партиясының баспасөз қызметі «Тарихта осы күні» айдарымен әлеуметтік желілерде халық сайлаған елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант берген тарихи дата – 1991 жылғы 10 желтоқсан күніне арналған бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Осыдан тура 30 жыл бұрын дәл осы күні Қазақ КСР-нің атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды.


«Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің мемлекеттік шекаралары нақты белгіленді. Қоғамда бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстан қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартты», - делінген бейнероликте. Кедейлік деңгейі 10 есе, яғни 46,7-ден 4,6%-ке дейін қысқарды. $400 миллиард тікелей инвестиция тартылды.


Бұл – Орталық Азия елдеріне келетін барлық инвестиция ағымының 75%-тен астамы. «170 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 30 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылды. 1400 жаңа денсаулық сақтау нысаны, 1800-ден астам жаңа мектеп пен 900 балабақша ашылды», - деп атап өтті партияның баспасөз қызметі Қазақстан халқын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып.


Еске сала кетейік, Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға негізгі бағдар болатын «Елдіктің 7 тұғыры» қағидаттарының жиынтығын ұсынған болатын. Олар - «Тәуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық», «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры», «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы», «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі», «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі», «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» және «Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» қағидаттары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.