ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа...

Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады

Алматы 24.10.2025, 15:44 485
Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады
Алматы әкімдігі
Мегаполисте Республика күніне орай бірден төрт заманауи жалпы білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды. Солардың бірі – Медеу ауданында орналасқан, жобалық қуаты 2 мың оқушы орны болатын №220...

Мегаполисте Республика күніне орай бірден төрт заманауи жалпы білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды. Солардың бірі – Медеу ауданында орналасқан, жобалық қуаты 2 мың оқушы орны болатын №220 жалпы білім беретін мектеп.

"Бұл жалпы білім беретін мектеп өз шағынаймақтағы орын тапшылығын толық жабады. Жалпы, 1 қыркүйектен бері қалада 12 жаңа мектеп ашылды. Республика күніне орай осы аптада тағы төрт білім беру мекемесі пайдалануға беріледі. Бесінші мектеп – қараша айында, ал тағы сегізі – жыл соңына дейін "сатып алу" тетігі арқылы іске қосылады", – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Оның айтуынша, мегаполисте биылғы оқу жылында барлығы 24 мектеп ашылады, соның ішінде 21 мектеп "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.

"Бұл тарихи максимум. Бұған дейін бір оқу жылында мұншама жаңа мектеп пайдалануға берілмеген. Мұның барлығы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған "Келешек мектептері" ұлттық жобасының арқасында жүзеге асты", – деді Азамат Қалдыбеков.

№220 мектеп заманауи үлгіде салынған, оның құрамында 83 оқу кабинеті, 4 спорт залы, сондай-ақ асхана, кітапхана, медициналық пункт, конференц-зал, спорт алаңы, теннис корты, волейбол және баскетбол алаңдары бар.

"Ғимарат қозғалысы шектеулі адамдар үшін толық бейімделген. Барлық кабинет интерактивті тақталармен және оқу материалдарымен жабдықталған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары орнатылған", – деді мектеп директоры Манат Әшірбекова.

Айта кету керек, Республика күніне орай Алматыда Наурызбай ауданындағы Құрамыс шағынауданында орналасқан №219 жалпы білім беретін мектеп те есігін айқара ашады. Білім ордасында 1 500 оқушыға арналған 79 оқу кабинеті бар. Биыл 1-сыныпқа 80 оқушы қабылданды. Оқу-тәрбие үдерісін 26 педагог жүргізеді.

Сондай-ақ Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында орналасқан №221 жалпы білім беретін мектеп жұмысын бастайды. Білім ордасында 2 500 оқушы орнын қамтитын 125 оқу кабинеті бар. Бүгінде 1 722 оқушы қабылданған. Оқу-тәрбие үдерісін жоғары кәсіби деңгейге ие 74 педагог қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, Алатау ауданында орналасқан №222 жалпы білім беретін мектеп те ашылады. Білім ордасында 2 мың оқушы орнын қамтитын 96 оқу кабинеті бар. Бүгінде 700 оқушы қабылданды. 1-сыныпқа 41 бала қабылданған. Білім беру үдерісін 44 педагог жүргізеді.

Барлық жаңа мектеп заманауи жабдықтармен, кең сыныптармен, спорт және шығармашылық залдармен, сондай-ақ еңбек кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымдары осы оқу жылының екінші тоқсанынан бастап оқушыларды қабылдауға толық дайын.

Алматы қаласының дамуы аясында жергілікті бюджет есебінен 550 орындық тағы бір мектептің құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ Алатау ауданында 900 орындық "Абыро́й" жеке мектебін және Наурызбай ауданында 1 200 орындық жаңа жеке мектепті сатып алу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.