AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы Су» су құбыры және кәріз жүйелерін жақсарт...

«Алматы Су» су құбыры және кәріз жүйелерін жақсартуға 18 млрд теңге бөледі

Әлеумет 04.04.2025, 13:03 757 Bakyt
«Алматы Су» су құбыры және кәріз жүйелерін жақсартуға 18 млрд теңге бөледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда биыл қатты тозған 70 км су құбыры және кәріз желілерін ауыстыру жоспарланып отыр

«Инвестиция орнына тариф» саясаты аясында инфрақұрылымды жаңартуға және табиғи ресурстарды үнемдеуге бөлінетін қаражат көлемі артты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директоры Ілияс Қазиев мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, 2025 жылы қаланың су құбыры және кәріз жүйелеріне «Алматы Су» қаражатынан 18 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

«Су құбыры мен кәріз жүйесінің тозған 70 шақырым желісі ауыстырылады. Жұмыс жүргізу кезінде су беру шектелмеуі үшін барынша күш салынып, көлік қозғалысына кедергі келтірмеу үшін де шаралар қабылданады», – деді Ілияс Қазиев.

Сонымен қатар, биыл 4 сорғы станциясы жөнделіп, 200 дана сорғы жабдығы, 444 дана жапқыш арматура, 4 трансформаторлық подстанция жаңартылып, 2 таза су резервуары жөнделіп, жаңадан салынады.

Ірі жобалар қатарында Мыңбаев көшесіндегі магистральді су құбырын ауыстыру, Таусамалы шағын ауданында инженерлік желілер жүргізу және Тимирязев көшесіндегі траншеясыз әдіспен су құбырын қайта жаңарту жоспарланған.

«Бұл қаладағы 240 мың тұрғынын сумен жабдықтау сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді спикер.
Сондай-ақ, қаланың су жүйесін жаңарту аясында өрт гидранттарын, су алатын ұңғымаларды жөндеу және арнайы техниканы жаңарту да жоспарланған. Кәріз суларын тазарту станцияларындағы тазалау технологиясын жаңарту жобалары басталды. Кәріз суларын тазарту алаңында шөгінділерді өңдеу құрылыстары салынбақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы су #тариф #Су құбыры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);