ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы спортшылары Олимпиада мен Азия ойындарына ж...

Алматы спортшылары Олимпиада мен Азия ойындарына жан-жақты дайындалып жатыр

Алматы 15.01.2026, 14:53 207
Алматы спортшылары Олимпиада мен Азия ойындарына жан-жақты дайындалып жатыр
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен
2026 жылы Алматы спортшылары ең үлкен халықаралық жарыстарға, соның ішінде XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен Жазғы Азия ойындарына дайындықты бастап кетті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы...

2026 жылы Алматы спортшылары ең үлкен халықаралық жарыстарға, соның ішінде XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен Жазғы Азия ойындарына дайындықты бастап кетті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы осылай деді.

«Алматыда қазір 6–22 ақпан аралығында Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға 6 лицензия бар», – дейді қала басқарма басшысы.

Лицензия иеленген спортшылар қатарында:
- Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау),
- Евгений Кошкин (коньки спорты),
- Александра Скороходова мен Ростислав Хохлов (тау шаңғысы спорты) бар.

Сонымен қатар шаңғымен трамплиннен секіруден Илья Мизерных пен Данил Васильев тағы 6 лицензияға үміткер. Ресми растау 22 қаңтарда шығады.

19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда (Айти префектурасы, Нагоя қаласы) Жазғы Азия ойындары өтпек.

«Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасы жеке оқу-жаттығу жоспарлары бойынша дайындық жүргізіп жатыр. Алматы қаласынан 23 спорт түрі бойынша 79 спортшы қатысатыны жоспарланып отыр», – дейді спикер.

Оқу-жаттығу жағы Еуропа, Азия елдері мен АҚШ-та өтіп жатыр.

Команданың басты мақсаты – алдыңғы Азия ойындарындағы нәтижеден де асып түсу. Бұл жарыстарға қатысу спортшылар үшін 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі болып, қажетті халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

«Спортшыларымыздың дайындығын жоғары деңгейде ұстап, халықаралық аренадағы позицияларымызды нығайту сияқты біздің алдымызда үлкен міндет тұр», – деп түйіндеді Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.