ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы қуыршақ театры Грузиядағы халықаралық фести...

Алматы қуыршақ театры Грузиядағы халықаралық фестивальде үздік атанды

Мәдени Алматы 02.10.2024, 09:04 1,031
Алматы қуыршақ театры Грузиядағы халықаралық фестивальде үздік атанды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қуыршақ театры Грузиядағы халықаралық фестивальде жеңімпаз болды

Алматы қуыршақ театры Грузиядағы халықаралық фестивальде жеңіске жетті.

Алматы мемлекеттік қуыршақ театры қазақ қуыршақ өнерінің халықаралық деңгейдегі жоғары мәртебесін тағы бір рет дәлелдеді. Театр Грузияда өткен ІІ Batumi International Puppet Theatre Festival халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл фестивальге Италия, Испания, Бразилия, Франция, Польша, Грузия және Қазақстанның үздік театр ұжымдары бақ сынасқан.

Фестивальді Батуми мемлекеттік қуыршақ театры мен Грузияның Қуыршақ театрларының бірлестігі ұйымдастырды. Байқауда 13 спектакль көрсетіліп, қазылар алқасының шешімімен басты марапаттар Қазақстан, Испания және Грузия театрларына берілді.

Алматы қуыршақ театры репертуарындағы ең ерекше қойылымның бірі – ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің әйгілі трагедиясы негізінде қойылған «Макбет. Иллюзия» спектаклін ұсынды. Эксперименталды түрде қойылған қойылым ересек аудиторияға арналған, ол өзінің ерекше әдісімен әсер қалдырды. Режиссер Дина Жұмабаева, суретші Юлия Чернова және хореограф Анна Цой көрермендерді адами эмоция мен амбициялардың күрделі әлеміне бойлататын ерекше визуалды әрі пластикалық атмосфера жасады. Спектакльде жанды актерлер мен қуыршақтар қатар ойнап, қойылымға айрықша көркемдік әсер берді. Классиканы батыл да заманауи интерпретациялағаны үшін бұл қойылым «Үздік режиссер» номинациясымен марапатталды.

Байқау бағдарламасынанбөлек, фестиваль қатысушылар мен көрермендерге Еуропаның жетекші мамандарынан қуыршақ жүргізу мен актерлік шеберлік дәрістерін ұсынды. Батуми қаласының орталығында өткен алып қуыршақтардың шеруі қала тұрғындары үшін нағыз мерекеге айналды. Алматы қуыршақ театры үшін бұл фестиваль шығармашылық тұрғыдан тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, жаңа жетістіктерге шабыт берген маңызды іс-шара болды.

Айта кетейік, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры 2024 жылы 2-7 шілде аралығында Канадада өткен The First International Ottawa Puppet Theatre Festival халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде Гран-при жеңіп алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.