Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы Қоғамдық кеңесі демократиялық институттарды...

Алматы Қоғамдық кеңесі демократиялық институттарды ілгерілетуде

Әлеумет 12.12.2023, 10:12 929
Алматы Қоғамдық кеңесі демократиялық институттарды ілгерілетуде
Өңірлік коммункация орталығы

Қоғамдық кеңестер атқарар рөлі зор, олар демократиялық құндылықтарды насихаттау құралы ретінде әрекет етеді. Алматы қаласының ӨКҚ алаңында өткен брифингте Қоғамдық кеңес мүшелері халық және мемлекеттік органдарымен жұмысы айтып өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің коммуналдық инфрақұрылым, ұтқырлық, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі №1 комиссиясының төрағасы Борис Жапаров кеңестің жұмысы арқылы азаматтардың маңызды мәселелерді шешу процесіне қатысуға мүмкіндігі бар екенін айтты.


“Біз үшін маңызды мәселе қала билігі қабылдайтын шешімдердің тиімділігін қамтамасыз ету. Сондықтан неғұрлым халық, тұрғындар шешім қабылдау процессіне қатысып, бақылау мүмкіндігіне ие болса, соғұрлым біз демократиялық мақсаттарға жақындайтын боламыз. Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі 2016 жылдан бері жұмыс істейді және оның негізгі мақсаты тек Алматыда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде азаматтар арасында демократия құндылықтарын дамыту болып табылады", - деп атап өтті Б. Жапаров.


Қоғамдық кеңестің құрамына 5 комиссия кіреді, олардың құрамында 7-ден 10-ға дейін мүше бар. Атап өтілгендей, комиссияның алдына қойылған міндеттерді олардың мүшелерінің күшімен ғана орындау мүмкін емес, сондықтан олардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін арнайы комитеттер, жұмыс және сараптамалық топтар құрылып, сонымен қатар қаланың белсенді тұрғындары тартылады.


“Мысалы, Алматы қаласындағы қоғамдық транспорт мәселесі бәрімізді толғандырып отырған өзекті мәселе. Қала тұрғындарынан осы мәселе бойынша көптеген ұсыныстар, арыз-шағымдар келіп түседі. Осы және басқа да мәселелерді шешу үшін біз қалалық мобилділік басқармасымен бірлесіп жұмыс істейміз, оларды іске асыру біздің негізгі қызметіміз деп айтуға болады. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, экология және т.б. мәселелерін атап өтуге болады. Биылдан бастап, қала жұртшылығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту мақсатында Қоғамдық кеңес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп іс-қимыл жоспарын әзірледі", - деп толықтырды Б. Жапаров.


Көптеген мәселелермен қатар жастар мәселелері де назардан тыс қалмайды, бұл бағытта Қоғамдық кеңестің қоғамдық даму, дін, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі №4 комиссиясы айналысады.


"Алматыда 680 мыңнан астам жастар тұрады. Қандай проблемалар туындайды, ең алдымен, әрине, нашақорлық, құмар ойындар және т.б. Жастар саясаты жөніндегі комиссияның сарапшылары Үкімет пен Мәжіліске осы мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар жолдады. Сонымен қоса, бүгінде біз спорт нысандары мен алаңдарына мониторинг жүргізудеміз. Соңғы төрт айда комитет мүшелері балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, аулалардағы ойын алаңдарын тексеруде. Нәтижесінде барлық ескертулер мен ұсыныстар қалалық әкімдікке, қажет болған жағдайда спорт министрлігіне де жолданатын болады",- деп атап өтті комиссия төрағасы Нұржан Жақыпов.


Одан бөлек, мәдениет жөніндегі комиссия тарихи-мәдени мұра объектілеріне мониторинг жүргізуді жоспарлап отырғаны аталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кеңес #саясат #әлеумет #Адам.
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.