AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы Қоғамдық кеңесі «Alatau Aqparat» медиахолди...

Алматы Қоғамдық кеңесі «Alatau Aqparat» медиахолдингінің қызметін мониторингтен өткізді

Әлеумет 19.11.2024, 20:25 1,221 Bakyt
Алматы Қоғамдық кеңесі «Alatau Aqparat» медиахолдингінің қызметін мониторингтен өткізді
Сурет видео скрині

Алматы Қоғамдық кеңесінің Қоғамдық даму комитеті «Алатау Ақпарат» медиахолдингінің жұмысын мониторингтен өткізді. Қоғамдық кеңес мүшелері журналистер мен басқа қызметкерлердің еңбек жағдайларына ерекше назар аударды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Комитет төрағасы Қайыржан Абдыхалықов бастаған мониторинг тобына Ерболат Байғанин, Жанна Исингарина, Виталий Колточник, Арман Құдабай, Мадия Төребаева және Руслан Заһарин кірді. Сарапшылар холдингтің кеңсесінде болып, редакция қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында, ұлттық және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, газет оқырмандары мен сайт аудиториясын арттыру, білім беру орталықтары мен университеттермен ынтымақтастық, медиахолдингтің стратегиялық жоспарлары мен маркетингтік қадамдары сонымен қатар журналистер мен қызметкерлердің еңбек ету жағдайлары талданып, ұйымның қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелері қарастырылды.

Қоғамдық даму комитеті медиахолдингтің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және қоғамдық кеңестер туралы заңға сәйкес азаматтық қоғаммен өзара әрекетін талқылады.

Редакция қызметкерлері өз жобалары мен болашақ жоспарларын таныстырып, инновацияларды дамытуға басымдық беруді мақсат ететінін айтты. Мониторинг барысында медиахолдингтің даму кезеңдері көрсетілген мұражайы мен жаңа подкаст студиясы таныстырылды. Бұл студия медиахолдингтің аудиториямен байланысын нығайтуға арналған жаңа креативті орталық болмақ.

Мониторинг нәтижесінде медиахолдингтің қоғам, ақпараттық кеңістік және мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтудағы рөлі жоғары бағаланды. Қоғамдық кеңес мүшелері «Алатау Ақпарат» медиахолдингінің даму мүмкіндіктеріне қолдау білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қоғамдық кеңес #мониторинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);