Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының волонтерлік қозғалысына 50 мыңнан...

Алматы қаласының волонтерлік қозғалысына 50 мыңнан астам адам тартылған

Әлеумет 25.04.2023, 12:23 820
Алматы қаласының волонтерлік қозғалысына 50 мыңнан астам адам тартылған
Сурет: ашық дереккөз

Бір ғана Алматыда 30 ірі-ірі волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында волонтерлік қозғалыстар қандай жобаларды жүзеге асырып жатқанын, жоспарлары мен жастарды қоғамдық белсенділікке тарту туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек пен Алматы қаласы бойынша волонтерлар фронт-офисі «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаевалар баяндап берді,-деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бірқатар ірі волонтерлік қозғалыстардың қатарына ОФ «Лига волонтеров Казахстана», ОФ «QAMQOR CHARITY», «LIDER.kz», «Клуб добряков Алматы», «Команда SOS», РОО «Медицинская молодежь» («Қазақстан Еріктілер Лигасы» ҚҚ, «QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «LIDER.kz», «Алматы қаласының мейірімділер клубы», «SOS командасы», «Медициналық жастар») қоғамдық ұйымы және т.б. Ұйымдардың деректер базасында 50 мыңнан астам волонтері бар.



«Біздің қалада Depo Evolution Park орталығы бар – бұл жастардың жиналатын жері. Біздің волонтерлік кеңсе осы орталықта орналасқан. Волонтерлік фронт-офистің басты мақсаты – түрлі ұйымдарды біріктіріп, жобаларды бірлесіп жүзеге асыру», – деді А.Қажденбек.



Волонтерлердің фронт-офисі волонтерлар мен волонтерлік ұйымдарға кеңес беру және қолдау көрсету қызметін атқарады, оның жұмысы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылады.



«Фронт-офистің жұмысы жастардың қаланың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік, спорттық өміріне белсене қатысуын арттыруға бағытталған, волонтерлік қызметке тартылған азаматтардың үлесін арттыруға, олардың мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу тетіктерін жетілдіруге бағытталған, мемлекеттік мекемелер мен азаматтарды халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге қатысуға тарту», - деді Б.Анарбаева.



Сонымен қатар, қалалық еріктілер түрлі жобаларды ұйымдастырып, өткізеді. Мәселен, «Narkostop» жобасы аясында алматылық жастар тыйым салынған заттардың жарнамасын бояу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілген. Еріктілер қарт адамдарға көмек беріп, жалғызбасты зейнеткерлердің бос уақытын қызықты өткізуді ұйымдастырған. Бұл үшін апта сайын 50 волонтер тартылған. Сонымен қатар, жыл басынан бері түрлі пансионаттар мен әлеуметтік орталықтарда 30-дан астам кеңестік кино кештері ұйымдастырылған. 


«Сабақтастық» бағыты аясында 27 іс-шара өткізіліпті. Атап айтқанда, түрлі шеберлік сыныптары мен кәсіптік бағдар беру, құстарға жем салатын жәшік бұйымдар жасау, қолөнер және оригами, мәнерлеп сырғанау, «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен VR орталығына саяхат, «Балалар ауылы», «SOS», «Жастар үйі». Бұл аталған іс-шараларға 80-нен астам еріктілер мен 200 бала қатыстырылған.


Сонымен қатар, еріктілер із-түссіз жоғалғандарды іздеуге белсенді атсалысқан. Жыл басынан бері 30 адамнан тұратын ерікті жасақ 69 адамды табыпуына мүмкіндік жасаған. Айта кетрелігі жыл басынан бері барлығы 649 іздеу, сұраулар келіп түскен.


Әлемде болып жатқан жағдайларда еріктілерді бей-жай қалдырмаған. Қала еріктілері Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарын да белсене араласып, 51,5 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинап, жөнелткен. 


Сонымен қатар, зардап шеккендер мен қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында осы жылдың наурыз айында «Мен жауапты донормын» атты қан тапсыру науқаны ұйымдастырылды. Акцияға Алматы қаласының жастары, сондай-ақ түрлі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының өкілдері, журналистер мен қоғам белсенділері қатысқан. Жастар ресурстық орталығында донорларды «Birgemiz:Saulyq» медициналық еріктілері мен «QAMQOR CHARITY» ҚҚ еріктілері қарсы алып, қолдау көрсетті.


 Жастар саясаты басқармасы еріктілермен бірлесіп, «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Шара аясында 10 мың қала жастарын жұмыспен қамту көзделуде.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#волентер #Алматы #QAMQOR CHARITY
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.