AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы қаласының бас полицейі жеке құрамға жаңа жы...

Алматы қаласының бас полицейі жеке құрамға жаңа жыл мерекелері кезіндегі қызметі үшін алғыс білдірді

Барлығы 01.01.2026, 13:18 555 dulatbekova
Алматы қаласының бас полицейі жеке құрамға жаңа жыл мерекелері кезіндегі қызметі үшін алғыс білдірді
Сурет: Polisia.kz

"Астана" алаңында Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жаңа жыл мерекелері кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған полицияның кешенді күштерінің бірыңғай саптық жиынын өткізіп, жеке құрамға жауапты әрі адал қызметі үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Саптық жиынға патрульдік және әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, көші-қон қызметі, арнайы мақсаттағы бөлімшелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатысты. Жеке құрамға қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарда қала тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз ету міндеттері жүктелді. Жиын барысында сөз сөйлеген полиция департаментінің бастығы мереке күндері полиция қызметінің маңызы айрықша артатынын атап өтті. 

- Жаңа жыл мерекелері кезеңінде полиция қызметкерлеріне жүктелетін жауапкершілік бірнеше есе күшейеді. Сіздердің үйлесімді еңбектеріңіздің, жоғары кәсібиліктеріңіз бен тәртіпке беріктіктеріңіздің арқасында қалада қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, азаматтардың өз құқықтарының қорғалуына деген сенімі нығая түсуде. Әрқайсыңызға қызметтік борышқа адалдықтарыңыз бен заң мен тәртіп қағидаттарына беріктіктеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, - деді Арыстанғани Заппаров. 

Қазіргі уақытта бұқаралық іс-шаралар өтетін орындарға, қоғамдық кеңістіктерге, көлік тораптарына және жол инфрақұрылымына ерекше назар аударылуда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы бақылау күшейтілді.

- Патрульдік экипаждар мен жаяу жасақтардың саны арттырылып, жедел әрекет ету және барлық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл күшейтілді. Әрбір қызметкер құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтарға көмек көрсетуге бағдарланған. Басты мақсатымыз — алматылықтар мен қала қонақтарының Жаңа жылды тыныш әрі қауіпсіз қарсы алуы, — деп атап өтті алып шаһардың бас полицейі.

Жаңа жыл түні Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полицияның мыңдаған қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тартылды. Кезекшілік тәулік бойы ұйымдастырылып, барлық қызметтің үйлестірілуі жедел басқару орталығы арқылы жүзеге асырылуда. Алматы қаласы полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бас полицей #алғыс #тәртіп сақшылары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);