AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бизнес өкілд...

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бизнес өкілдерімен шығынды өтеуді жеделдету мәселелерін талқылады

Әлеумет 02.02.2022, 08:07 1,272
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бизнес өкілдерімен шығынды өтеуді жеделдету мәселелерін талқылады

Алматы қаласының әкімі Е.Досаев қаңтар трагедиясы кезінде жапа шеккен кәсіпкерлермен және бизнес өкілдерімен кездесті. Жиында қала басшысы бизнес иегерлерімен шығынды өтеуге жұмсалатын төлемдерді жеделдету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұған дейін аймақтық комиссия шығынды өтеу бойынша механизмде кінәрат барын анықтап, өз тарапынан нақты ұсыныстар енгізген болатын. Әкімдіктің ұсыныстары 2022 жылғы 1 ақпанда ҚР Ұлттық экономика министрлігімен жедел түрде келісіліп, үкіметтік комиссия деңгейінде мақұлданды. Бүгін Шығынды өтеу ережесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.



Негізгі оңалту шаралары тауарлық-материалдық құндылықтарға келген мүліктік залалға қатысты. Енді 5 млн теңгеге дейінгі ең жоғары төлем сомасымен жеңілдетілген механизм бойынша зақымдалған жылжымалы әрі жылжымайтын мүлікке, қалпына келтіруге келмейтін және жоғалған жабдықтарға да шығынды өтеу механизмі қарастырылып отыр. Бұл өз кезегінде зардап шеккен бизнес субьектілерін кеңінен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлек қорлардың жеке ақшаларынан да төлем жүргізу мәселесі қаралып жатыр. Яғни, өтемақы төлеу процесін жетілдіру жолындағы ізгі жұмыстар жалғаса береді. 



Еске сала кетейік, зардап шеккен кәсіпкерлер коммуналдық шығындарды төлеуден 3 айға, ал қаладағы коммуналдық меншікті жалға алушылар 6 айға жалға алу төлемінен босатылады.



Сонымен қатар, «Алматы Бизнес-2025» қалалық бағдарлама бойынша, айналымдағы қаражатын еселеп алу үшін кәсіпкерлерге кепіл ұсыну арқылы 10 млн теңгеге дейін жылдық 2 пайызбен 12 айға немесе «Алматы» АӨК ішінара кепілдігімен жеңілдетілген несие беріледі. «Алматы Финанс» ЖШС мен «МФО Алматы» ЖШС зардап шеккен кәсіпкерлерге негізгі қарызды өтеу мерзімін ұзартады, айыппұлдар мен өсімпұлдарды 180 күнге дейін шегереді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);