Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласында киберқауіпсіздік саласында кадрла...

Алматы қаласында киберқауіпсіздік саласында кадрлар даярлау мәселелері талқыланды

Әлеумет 16.04.2024, 15:49 1,075
Алматы қаласында киберқауіпсіздік саласында кадрлар даярлау мәселелері талқыланды
Сурет: Gov.kz

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының (РЭБӘИИ) базасында көшпелі отырыс өткізді.


Іс-шараға Парламент Сенатының депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Қазақстан-Британ техникалық университетінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелері үшін мамандарды даярлау және оқыту әдістері бойынша РЭБӘИИ бастығының орынбасары полковник Ойрат Атыкенов сөз сөйледі. Қарулы күштер Бас штабы Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы полковник Тимур Сәдуақасов киберқауіпсіздік мамандарын даярлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты. 


Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай киберқауіпсіздік – тек технология емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін атап өтті. 



«Қорғаудың жаңа технологиялары мен әдістерін дамытып қана қоймай, киберкеңістіктегі қауіп-қатерлермен тиімді күресуге қабілетті мамандардың кадрлық резервін сауатты қалыптастыру да маңызды. Біз осы саладағы бірқатар проблемалық аспектілерді нақтылап, оларды депутаттық сауал аясында жария ету ойымызда бар», – деп депутат жоспарларымен бөлісті.



Әскери жоғары білім ордаларында депутаттар киберполигонды аралап, оқу орнының киберқауіпсіздік жөнінде оқу-білім беру бағдарламасымен танысты. Оларға ақпаратты қорғаудың тиімділігін бақылаудың заманауи құралдары мен техникалық қорғау құралдары көрсетіліп, курсанттардың үздік ғылыми әзірлемелері таныстырылды. Сенаторлар одан өзге университеттің мұражайын, казармасын, асханасын және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандарын да аралады.


Сенаторлар оқыту сапасын арттыру қажеттігіне тоқталып, кәсіби киберқауіпсіздік мамандарын даярлау арқылы Қарулы күштерді нығайтудың маңызды екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Киберқауіпсіздік #Кадрлар #даярлау #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.