ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынш...

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да салтанатты іс-шара өтті

Заң мен тəртіп 07.05.2024, 09:02 1,207
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да салтанатты іс-шара өтті
Сурет: Polisia.kz
Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаныңда, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өтті.

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаныңда, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өтті.


Ардагерлерге құрмет көрсету ҚАЖ саласында дәстүрге айналған игі шаралардың бірі. Іс-шараға арнайы соғысқа қатысушыларға теңестірілген ардагерлер, еңбек майданының қатысушылары, жауынгер-интернационалистері және ҚАЖ ардагерлері, сонымен қатар департаментке қарасты мекеме және пробация басшылары шақырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Салтанатты жиын ҚР әнұранымен басталды. Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков құттықтау сөз сөйледі. Шақырылған ардагерлерге құрмет көрсетіліп, алғысхат пен ақшалай сыйлықтар тарту етілді.


Сонымен қатар қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бір қызметкер мерзімінен бұрын арнайы атағын алса, бір қызметкер арнаулы атағынан бір саты жоғары атағын алды. “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медаліне екі қызметкер иеленіп, тағы екі қызметкер “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төс белгісін алды. Бұған қоса ІІМ алғыс хатына 1 қызметкер, грамотасына 5 қызметкер ие болды. ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен 9 қызметкерлер марапатқа ие болды.



«Қанша жыл өтсе де соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлердің ерлігі ұмытылмайды. Халқымыз елінің, жерінің қорғаны болған батырларын ерекше ардақтап, құрмет тұтқан. Бұл күн – ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісі болған, отты жолдармен өткен жауынгерлер алдында тағзым ететін күн. Елімізде бейбітшілік пен тыныштық мәңгі болсын», – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.



Мерекелік іс-шара салтанатты концерттік бағдарламамен жалғасты. Қызметкерлер әскери әндер орындап, ардагерлер өз кезегінде мерекелік лебіздерін білдіріп, жастарға өсиет ақылдарын айтты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,286 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.