ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында жаңа әді...

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында жаңа әдіс - ультрадыбыстық литотрипсия қолданыла бастады

Медицина 04.11.2025, 17:18 333
Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында жаңа әдіс - ультрадыбыстық литотрипсия қолданыла бастады
Сурет: Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының баспасөз қызметі
Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында кальцийленген артерияны емдеудің заманауи технологиясы енгізілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығында кальцийленген артерияны емдеудің заманауи технологиясы енгізілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, кейінгі жылдары дәрігерлерге кальцийленген артериялық атеросклероз диагнозы қойылған пациенттер жиі жүгінеді. Бұл қан тамыры қабырғалары қатайып, иілгіштігін жоғалтып, стандартты баллондық ангиопластикамен оларды кеңейту мүмкін болмайтын жағдай.

Әдетте артерия тарылған кезде емдеу үшін баллон қолданылады: ол зақымданған тамыр бөлігіне енгізіліп, 10-14 атмосфера қысыммен үрленеді. Бұл тамырды кеңейтіп, қалыпты қан ағымын қалпына келтіретін стент орнатуға мүмкіндік береді.

«Алайда айқын кальциноз кезінде жағдай әлдеқайда күрделі. Кальцийленген түйіншектің тығыздығы сондай, оны 20 атмосфераға дейінгі қысымда да кеңейту мүмкін емес, осылайша баллон толық ашылмай қалады. Мұндай жағдайда қысымды 30 атмосфера не одан жоғары деңгейге дейін арттыру артерияның жарылу қаупін туғызады, сондықтан бұл процедура өте қауіпті», - дейді интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Оразбек Сахов.

Бұл мәселенің шешімі - жаңа технология, ультрадыбыстық литотрипсия болды.

Процедура кезінде зақымданған аймаққа арнайы баллон енгізіледі. Баллон үрленген кезде оның ішінде ультрадыбыстық импульс түзіледі, ол кальцийленген түйіншекті ыдыратады. Толқын кальцийге бағытталған әсер етеді де, оның құрылымын бұзады, ал тамыр қабырғасының жұмсақ тініне зақым келтірмейді.

Мұндай өңдеуден кейін баллон қайта үрленіп, тамыр оңай кеңейеді, стент орнату қауіпсіз әрі тиімді өтеді.

Ультрадыбыстық литотрипсия – артерияның жарылу қаупінсіз кальций шөгінділерін тиімді жоюға, ауыр кальциноз кезінде де стентті сәтті орнатуға және қан айналымын жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік беретін инновациялық әдіс.

«Біздің орталықта ультрадыбыстық литотрипсия әдісімен үш сәтті ота өткізілді. Барлық жағдайда артерия толық ашылып, стент еш қиындықсыз орнатылды. Пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық, қан айналымы қалпына келді, ауырсыну белгілері жойылды», - дейді Оразбек Сахов.

Қалалық кардиологиялық орталықта енгізілген заманауи технология дәрігерлерге қан тамырының күрделі зақымдануының кезінде де тиімді емдеуге мүмкіндік беріп, пациенттерге қауіпсіз әрі сенімді ем алуға жол ашты.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.