конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясының тоғыз ай жұмысы талқыланды

Алматы полициясының тоғыз ай жұмысы талқыланды

Заң мен тəртіп 21.10.2024, 10:39 2,087
Алматы полициясының тоғыз ай жұмысы талқыланды
Polisia.kz

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматы қаласының полиция департаментінің жеке құрамымен жедел кеңес өткізді. Кездесу барысында Алматы қаласындағы тоғыз ай ішіндегі қызмет қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды  aqshamnews.kz

Министр құқық қорғау органдарының қызметін бағалап, жедел жағдайды, қылмыстық ахуалды тұрақтандыру және "заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жан-жақты талқылады.

Жиын барысында Ержан Саденов бірқатар басшыларды тыңдап, полиция қызметкерлерінің құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмыстарға мүлдем төзбеушілік қағидатын енгізуге бағытталған жұмыстарының тиімділігін арттыру қажеттігін ерекше атап өтті. Әсіресе, мегаполистегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуға баса назар аударылды.

Министр полиция жұмысының сапасын жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, заңдылық пен тәртіпті күшейту мақсатында қосымша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтарды азайту, қылмыстың алдын алу, және қылмыстық істерді ашу бойынша жедел әрекет етуге ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, Ержан Саденов Ішкі істер министрлігіне қарасты барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеп, алдағы уақытта көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және тиімділікті одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстарды қолға алу қажеттігін атап өтті. Жиын соңында министр бірқатар нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #Ержан Саденов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);