ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полицейлері пәтер карталарын не үшін толтыр...

Алматы полицейлері пәтер карталарын не үшін толтыру керектігін түсіндірді

Заң мен тəртіп 17.11.2021, 07:35 1,040
Алматы полицейлері пәтер карталарын не үшін толтыру керектігін түсіндірді
Сурет: Polisia.kz
«Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

«Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде


Алматы полициясында пәтер карталарын не үшін толтыру керектігін түсіндірді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы қалалық Полиция департаменті 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында шаһарда проблемалық мәселелерді зерделеу бойынша әкімшілік учаскеде халықты барынша қамтуға бағытталған “Учаске” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын хабарлайды.



«Әкімшілік аумақтардағы әрбір үйді және ауланы аралау бірінші кезекте қылмыстық ахуалды жақсартуға, заңсыз әрекеттермен айналысатын адамдарды, күдікті азаматтарды анықтауға, пәтерлер мен үйлерді заңсыз жалға беру фактілерін анықтауға бағытталған. Бұл іс-шаралар қылмыстың алдын алу мақсатында да өткізілуде. ЖАІ кезінде өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелердегі учаскелік полиция инспекторлары аула мен пәтерді аралауды жүргізеді, оны түрлі құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру мақсатында жасайды», – деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.



Сонымен қатар, қоғамға жат әрекеттер мен қараусыздық фактілерінің жолын кесу үшін жалдамалы пәтерлерді, базарларды және басқа да сауда орындарын, тұрмысы нашар отбасыларды, жастар мен кәмелетке толмағандар жүретін орындарды, сондай-ақ азаматтық қару иелері мен шетелдіктерді тексереді. Сонымен қатар, саяжайларды, құрылыс нысандарын, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалғандарды, шатырлар мен жертөлелерді тексеру жүргізіледі.



«Сондай-ақ, пәтер карталарын бірнеше жыл бұрын жергілікті полиция қызметі, әкімшілік аумақта тұратын азаматтардың есебін жүргізу үшін әзірлегенін айта кетейін. Тіркеудің бұл нысаны міндетті емес, тек кеңестік сипатта және оны азаматтар өз еркімен толтырады. Бұл ретте, көрсетілген тіркеу парағы учаскелік инспектордың жұмыс планшетінде электронды форматқа көшірілетінін, тұрғындар келіскен жағдайда, ауызша сұрақ-жауап арқылы тікелей полиция қызметкері толтыратынын нақтылаймыз», – деді Саттаров.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.