ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы оқушылары Ядролық физика институтының жұмыс...

Алматы оқушылары Ядролық физика институтының жұмысымен танысты

Білім және ғылым 14.04.2025, 20:52 647
Алматы оқушылары Ядролық физика институтының жұмысымен танысты
Ядролық физика институты
Жақында Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты мектептердің 10–11 сынып оқушылары ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институтында (ЯФИ) болды. Бұл экскурсия ЯФИ мен №7 жалпы білім...

Жақында Алматы қаласының Медеу ауданына қарасты мектептердің 10–11 сынып оқушылары ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институтында (ЯФИ) болды. Бұл экскурсия ЯФИ мен №7 жалпы білім беретін мектеп және Медеу аудандық білім бөлімінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды.

Институттың ғалымдары мен мамандары балаларға бейбіт атом қалай жұмыс істейтінін, атом реакторының құрылымын және ядролық энергияның қауіпсіздігі туралы түсіндіріп берді.

ЯФИ-дегі экскурсия барысында оқушылар осы және басқа да көптеген сұрақтарына жауап алды.

«Бұл менің ең ерекше экскурсиям болды! Бізге ядролық реактордың қалай жұмыс істейтінін, институтта қандай ғылыми тәжірибелер жүргізілетінін және бейбіт атомның мәнін көрсетті. Өте қызықты әрі танымды болды. Біз тек жаңа ақпарат алып қоймай, ғылыми қызметтің атмосферасын сезіндік. ЯФИ базасында өндірілетін бірегей өнімдерді де көрдік», – деп өз әсерімен бөлісті №48 мектеп-лицейінің 10В сынып оқушысы Кирилл Карасюк.

Жас қонақтар бірегей зерттеу реакторы – ВВР-К мен ИЛУ-10 үдеткіш кешенін көрді. Сондай-ақ, атом энергиясының бейбіт мақсатта қалай қолданылатынын білді және алғаш рет ғалымдармен тікелей жүздесті.

Оқушыларды реакторлардың қауіпсіздігі, атом саласының дамуы және Қазақстанда АЭС салу перспективасы ерекше қызықтырды.

«Экскурсия оқушыларға өте ұнады, олар көптеген сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытты, көрген-білгендерін өзара талқылады, – деді №7 жалпы білім беретін мектептің директоры Жанар Оразалиева. – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы осындай іс-шаралар балалардың дүниетанымын кеңейтуде үлкен рөл атқарады. Себебі олар әр баланың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін жеке ерекшеліктеріне сай толық ашуға бағытталған».

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.