AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысының тұрғындары аптап ыстықта ауыз сус...

Алматы облысының тұрғындары аптап ыстықта ауыз сусыз қалды

Әлеумет 27.07.2022, 13:45 1,679
Алматы облысының тұрғындары аптап ыстықта ауыз сусыз қалды
Сурет: Ашық дереккөзі

Тұздыбастау ауылында 22 мың адам тұрады


«Аптап ыстықта ауыз сусыз қалдық». Осылай деп арнамызға жүгінген Алматы облысы Тұздыбастау ауылының тұрғындары 2 айдан бері тіршілік нәрінсіз отырмыз деп шағымын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Тамшы судан тарыққан Тұздыбастаулықтардың айтуынша, әкімдіктің табалдырығын тоздырғалы талай жыл болыпты. Уәдеге тойған халық шелегін арқалап әкімдік ғимаратына баруды әдетке айналдырыпты. Алайда мәселенің шешілер түрі жоқ.



«2 ай болды су жоқ. Мен 6 куб бассейнді 18 мыңға сатып алдым. Бассейнді суға толтырып, ішеміз», – деді Тұздыбастау ауылының тұрғыны Закир Тұрдымәметов.



«Су жоқ, сыздықтап ағатын еді, ол да болмай тұр. Түнгі сағат 22:00-де су береді, кейде таңға дейін  күтіп жүреміз. Қолымызды даладан жинаған сумен жауамыз», – деді Тұздыбастау ауылының тұрғыны Гүлмира Құрманбаева.


Ал ауыл адамдарының арызын тыңдауға келген «Талғар су» мекемесі мәселенің шешімін тек мемлекетке өткен соң ғана шешуге болады деп сендірді. Яғни жекенің жетегінде кеткен су құбырларын бір арық желісіне қосу керек.



«Тарифтің бағасы осы күнге дейін Тұздыбастау ауылдық округінде 122 тиын болып келген. Жеке компаниялармен келісімшартта көрсетіліп тұрады, біз соған сай жұмыс істейміз», – деді «Талғар су» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК басшысы Қуатбек Смағұлов.



22 мың халқы бар Тұздыбастау ауылында ауыз су мәселесі жауыр болғалы қашан.  Ақжағылалар бұл мәселені бір жақты етеміз деп сендірді.



«Аудан тарапынан ақша бөлінді деп отырмыз. 90 миллион шамасында ПЗД жасауға, ішінде канализациясы да, су құбыры да енгіздік. Ауыстыру үшін қаражат қарастырылған», – деді Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі Мирас Баймолданов.



Ауыл маңында салынып жатқан 12 шақырымдық магистральды су құбыры аяқталса, ауыл халықының қажетіне жарар еді дейді Тұздыбастау әкімі. 250 метр шаршы кубты құрайтын қос құдықтың құрылысы алдағы қараша айында аяқталмақ. Ал әзірге жергілікті жұрт 1968 жылы салынған ескі құбырдан су күтуге яки сатып алып ішуге мәжбүр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыз су #ыстық #Су тапшылығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);