ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Алматы облысының жас депутаты әлемдік саясаткерлер...

Алматы облысының жас депутаты әлемдік саясаткерлер форумына қатысты

Әлем 28.08.2021, 14:05 1,342
Алматы облысының жас депутаты әлемдік саясаткерлер форумына қатысты
сурет: Kazaknews.kz
Оңтүстік Кореяда Чеджудо аралында әлемдік саясаткерлердің халықаралық форумы өтті.

Оңтүстік Кореяда Чеджудо аралында әлемдік саясаткерлердің халықаралық форумы өтті.


Лондон, Нью-Йорк, Аргентина, Калифорния, Сербия, Канада, Вашингтон, Мәскеу және басқа да қалалардан келген саясаткерлер бір алаңға жиналды. Алқалы жиында сенаторлар, мэрлер, депутаттар, әр түрлі елдердің Парламент жанындағы кеңес төрағалары заң саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп,  баяндамалар оқыды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Жетісу медиаға сілтеме жасап. 


Қазақстанның атынан Алматы облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаты Дамир Дигай қатысты.



«Алғаш рет осындай ауқымды халықаралық деңгейде ағылшын тілінде сөйледім. Бұл форумға ұятқа қалмау үшін тыңғылықты дайындалдым.  Біздің саяси жүйемізді таныстырдым. Nur Otan партиясының «Primaries» партияішілік іріктеуі туралы, өткен сайлау барысы жайында егжей-тегжейлі айттым. Бізде депутаттық корпус айтарлықтай жаңарып, оның құрамына әйелдердің 30%-ы мен жастардың 20%-ы кірді. Бұл да халықаралық саяси форумда тілге тиек етілді. Nur Otan партиясы жанындағы республикалық қоғамдық кеңестердің құрылуы мен маңыздылығы жайлы да мәлімет беріп өттім», - дейді депутат. 



Жас депутат сондай-ақ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» институты туралы түсіндіріп, оның Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы бірегей орган екенін, басты  міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ету болып табылатындығын алты құрлық алдында атап өтті.


Аталған форумның мақсаты саясаткерлердің түрлі елдердің саяси жүйесінің тәжірибесімен алмасуы, сондай-ақ болашақта кедергісіз тікелей ынтымақтасуға, тіпті әлемдік саясаткерлермен кеңесуге мүмкіндік беру болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.