Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысындағы су және газ жүйелері қалай ретт...

Алматы облысындағы су және газ жүйелері қалай реттеледі?

Әлеумет 27.07.2022, 10:01 1,422
Алматы облысындағы су және газ жүйелері қалай реттеледі?
Сурет: Gnb-stroy.com
Облыстағы әкімдер екі аптада геокарта жасап, мәлімет беруі керек.

Облыстағы әкімдер екі аптада геокарта жасап, мәлімет беруі керек.


Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев барлық ауылдық округтің су құбырларын тексеріп, түгендеу жұмысын жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қонаев қаласы мен аудан әкімдерінің басын қосқан алқалы жиында облыс басшысы тұрғындар тарапынан суға қатысты арыз-шағым жиілеп кеткенін алға тартты», - делінген Алматы облысы баспасөз қызметінің хабарламасында.



Марат Сұлтанғазиевтың айтуынша, жалпы, өңірдегі ауылдарда суға қатысты туындап отырған мәселе көп. Кейбір су құбырында қысым жеткіліксіз, кейбірінде магистралдық су жүйесі реттелмеген. Енді бірінде су сүзгісі жолға қойылмаған.



«Осы мәселелердің бәрін ауыл әкімдерімен бірлесіп, тексерістен өткізіп, жоба-жоспарын жасап алайық. Облысты газдандыру және басқа да сала бойынша жұмыстарды осылай картаға түсіріп, рет-ретімен істеуіміз керек. Көгілдір отын келді, газ бар деп айтқанымызбен іс жүзінде бәрі басқаша. Ұятты болса да айтайық, газды жеке тұрғын үйлер тұрмақ, ауруханаларға әлі толық тарта алмай отырмыз. Су мәселесі де солай. Су бар дейміз, бірақ іс жүзінде көшеден тасып ішіп, машақатын көріп жүрген ауыл тұрғындары жетерлік», – деді Марат Елеусізұлы.



Облыс әкімі жиында аталған мәселелерді шешу үшін ең алдымен өңірлерді сумен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша тексеру, түгендеу жұмысын жүргізуді міндеттеді.



«Екі апта уақыт беремін. Бүкіл аудан-аудандағы елді мекен, ауылдар бойынша су, газ, тағы да басқа мәселелер бойынша геокарта жасап, мәлімет берілуі керек. Қай ауылда қай құбыр істемейді, қай құбыр толық жұмыс істеп тұр, қай құбырдың құрылысы орта жолда қалып қойған, осының бәрі картада көрсетілгені жөн. Егер біз осылай жүйелеп алмасақ, онда мәселенің шешімін табу қиын. Қазір статистикаға, деректерге бәрінің қолы жетеді. Жасырып қайтеміз, жоқты жоқ, барды бар деп айту керек. Оның үстіне қазір ауыл әкімдерін сайлап жатырмыз. Халық оларға сеніп отыр. Әкімдер бар күшін салып, үлкен ұмтылыспен, ынта-ықыласпен жұмыс істеуі қажет», – деп түйіндеді Алматы облысының әкімі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,353 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.