AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматы облысындағы балмұздақ шығаратын өндіріс орн...

Алматы облысындағы балмұздақ шығаратын өндіріс орны өнімдерін шетелге экспорттауда

Экономика 16.08.2024, 08:40 1,034 dulatbekova
Алматы облысындағы балмұздақ шығаратын өндіріс орны өнімдерін шетелге экспорттауда
Сурет: Egemen.kz

Алматы облысында орналасқан компания өнімі осыған дейін Орталық Азия, Грузия, Монғолия, Қытай мен Ресейге экспорттап келген.

Биыл оған тағы екі мемлекет қосылды. Енді Қазақстанда шығарылған балмұздақты Армения мен Сауд Арабиясынан да кездестіруге болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдағы онжылдықта кәсіпорын өнім көлемін үш есе арттыруды көздеп отыр. Бұл – Алматы облысындағы жалғыз балмұздақ шығаратын кәсіпорын. Алғашында отбасылық цех қана болған. Қазір елімізде шығарылатын балмұздақтың тең жатрысы осы кәсіпорынның еншісінде. Жыл санап экспорттаушы елдер қатарын да арттырып келеді. Ол үшін, әрине, бірінші кезекте өнім көлемін арттырды. Биыл компания ауқымын кеңейтіп, жаңа желілерді іске қосу үшін 35 млрд теңге инвестиция құйды. Оның құрылысы аяқталғанда фабрика күніне 350 тонна балмұздақ шығарады. Қазіргі қуаттылығы – тәулігіне 150 тонна.

Дмитрий Докин, кәсіпорынның директорлар кеңесінің төрағасы: 

 Біз барынша сапалы өнім өндіруге күш салып жатырмыз. Қазір бізбен әлемнің ең мықты деген балмұздақ фабрикалары санасады. Мен өзім 30 жылдан астам балмұздақ өндірісінде жұмыс істеп келе жатырмын. Саланы жетік білем. Ең мықты кәсіби мамандарды тарттық. Мұндағыдай технололгия көп жерде кездесе бермейді. Біздің балмұздақтар балалардың ғана емес, үлкендердің де сүйікті тәттісі.

Қазір компания балмұздақтың 160 түрін шығарады. Оған қоса, жартылай дайын фабрикаттар мен сүт өнімдерін де ұсынады. Бүгінде 3,5 мың адам жұмыс істейді. Жаңа желілер іске қосылғанда олардың саны 5 мыңға көбейеді. Жұмысшылардың ас-суы, тасымалы түгел қарастырлған.

Ұлан Боранбайұлы, компания қызметкері:

Әлем бойынша 36 ал, Еуропа, Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастық  ұйымдары мемлекеттерінің ішінде 6-орынға көтерілді. Бұл дегеніміз, 2022 жылға қарағанда 2023 қорытындысы бойынша көтерілдік. Енді біздің жоспарымыз одан да үлкен ауқымды. Жылына 23 мың тоннадан астам балмұздақ өндіріп 10-нан аса мемлекетке экспорттап жатырмыз.

 Тұрақты өсу мен инновация компанияға өз саласында көшбасшы болып қалуға жол ашты. Мұндай кәсіпорынға мемлекет барынша қолдау білдіріп отыр. Өндірісті жаңғырту, сапаны қадағалау, логистиканы жетілдіру жұмыстары жалғаса береді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балмұздақ #Алматы облысы #шетелге экспорттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);