ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында ұрылар бір күнде 4 үйді тонап кет...

Алматы облысында ұрылар бір күнде 4 үйді тонап кетті

Әлеумет 03.06.2022, 14:09 1,381
Алматы облысында ұрылар бір күнде 4 үйді тонап кетті
Cурет: Almaty.tv
Ауыл әкімі болса қылмыстың көбейіп кеткенін айтып, маман тапшылығын алға тартты

Ауыл әкімі болса қылмыстың көбейіп кеткенін айтып, маман тапшылығын алға тартты


Алматы облысында ұрылар бір күнде 4 үйді тонап кетті. Оқиға Талғар ауданына қарасты Көктал ауылында болған. Осыған байланысты тұрғындар наразылыққа шығып, полицияның әрекетсіздігіне шағымданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Тұрғындардың айтуынша, ауылда тәртіп сақшылары болмағандықтан баукеспелер оңай олжаны кәсіпке айналдырған. Ауыл тұрғындары ұрылардың әрекетінен әбден мезі болған. Оңай олжаға кенеліп үйренгендер үйде ешкім жоқ ымырт уақытта киім-кешектен бастап, техникаға дейін үптеп кетеді екен. Жиылған жұртшылықтың айтуынша, баукеспелер бұл істі 2018 жылдан бастап кәсіпке айналдырған. Бірақ қылмыс әлі ашылмапты.    



«Ұрыны ұстау керек қой. Ол кісі үйренді. Жергілікті полиция әрекет етпейді, әкім жұмыс істемейді еш нәтиже жоқ. Біз қарапайым халықтың айқайын ешкім естімейді. Ол ұрлай береді», – деді Көктал ауылының тұрғыны Бота Нұқатова.



«2018 жылы біздің үйде ұрлық болды. Алатын заттары сол теледидар, компьютер, принтер, шаңсорғыш болды. Бәрі де жаңа. Қымбат техника болатын», – деді Көктал ауылының тұрғыны Нұргүл Бексейітова.


Шыңғыс Ибраевтың шаңырағы да ұрылардың қармағына түскен. Ол 1 маусымда балаларын қыдырту үшін отбасымен Алматыға кетіп қалған. Үйіне келсе 650 мың теңгесі мен алтын бұйымдары және басқа да бағалы заттары қолды болған.


Үй иесінің айтуынша, ұры алдын ала жоспар бойынша әрекет еткен. Әуелі құрылғымен терезені бұзып, үйге кірген. Ал ағашты біреу келген жағдайда қарсылық таныту үшін бірге алып жүріпті. Кейін қомақты ақшаға кенелген адам құралдардың бәрін тастап кеткен.



«Кеше кешкі сағат 10:00-де үйге келгенде үйімізге ұрлық түскенін байқадық. Сол сәтте бәріміз далаға шығып, полицияға шағымдандық. Мен полицияның жұмысына қанағаттанбаймын. Неге полиция сондай ұзақ уақытта келеді. Егер адам өлтіріп жатқан жағдай болса, не болушы еді», – деді Көктал ауылының тұрғыны Шыңғыс Ибраев.



Ауыл әкімі болса қылмыстың көбейіп кеткенін айтып, маман тапшылығын алға тартты.



«Бізде 12 елдімекен бар. Штат бойынша 4 полиция. Қазір 2 адам қызмет етіп жатыр 12 ауылға. Оларда 1 машина», – деді Қайнар ауылдық округінің әкімі Нұрболат Манапбаев.



Ал полиция департаменті тұрғындардың сөзімен келіспейді. Мәселен, жыл басынан бері тіркелген бірнеше тонау фактісінің біреуі ғана ашылған екен.



«Талғар ауданы Көктал ауылында 2063 адам тұрады. Ресми мәліметтерге сәйкес, елдімекенде бөтеннің мүлкін тонау бойынша 6 ұрлық тіркелген. Осы қылмыстық істер бойынша күдіктілерді анықтау мақсатында бірқатар жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатр. Қылмыстың куәгері пысықталып, күдіктілердің кету жолдары бойынша орнатылған бейнебақылау камералары тексеріліп жатыр», – деді Облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.



Ал шыдамы таусылған ауыл тұрғындары тәртіп сақшылары бұл жолы да қылмысты аша алмаса, өз арасынан күнделікті халық жасағын шығарып, ұрылардың жазасын өзіміз береміз деп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.