AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы облысында ұйымдасқан дропперлер тобы ұсталд...

Алматы облысында ұйымдасқан дропперлер тобы ұсталды

Заң мен тəртіп 27.01.2025, 15:05 1,013 Nursok82
Алматы облысында ұйымдасқан дропперлер тобы ұсталды
polisia.kz

Алматы облысында ірі дропперлер тобы әшкереленді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы облысының полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық прокуратураның үйлестіруімен алаяқтық жолмен алынған ақшаны криптовалютаға айналдырумен айналысқан ұйымдасқан дропперлер тобының қызметін тоқтатты. Тергеу барысында осы қылмыстық схемаға қатысы бар 20-дан астам тұлға анықталды. Олардың қатарында дроптар, дроп-жетекшілер, кураторлар мен менеджерлер болған.

– Әр қатысушы бірнеше банктік шотты (5-7-ге дейін) пайдаланып, әрбір транзакциядан 1-3% мөлшерінде сыйақы алып отырған. Жаңа дроптарды тарту Telegram арналары арқылы жүргізілген. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам қаржы қозғалысы тоқтатылып, ай сайынғы айналымы 100 миллион теңгеден асатын криптовалюталық әмиян анықталды. Бұл әмиянның қылмыстық схеманы ұйымдастырушыға тиесілі екендігі белгілі болды. Қазіргі уақытта банктерден қаржылық операциялар туралы ақпарат алу үшін қажетті құжаттар рәсімделіп, анықталған активтерді тәркілеу мәселесі қарастырылуда, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жеті адам ұсталды, олардың арасында үш куратор, бір менеджер және үш дроппер бар. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұсыныстардан бас тартуға шақырады. Бейтаныс адамдардың өтінішімен банктік шоттар ашу немесе қаржылық операцияларға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дроппер #қылмыс #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);