AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында смарт жылыжай іске қосылды

Алматы облысында смарт жылыжай іске қосылды

Әлеумет 01.11.2021, 09:25 1,657
Алматы облысында смарт жылыжай іске қосылды
Сурет: East-fruit.com

Алматы облысында университет жанынан смарт жылыжай ашылды


Ол инновациялық корей технологияларына негізделген. Жылыжай толығымен автоматтандырылған, яғни жүйе арқылы желдеткіштерді қосып, өсімдіктерді суарып, топыраққа қорек заттар қосады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қарапайым жылыжайдан жылына 300 тоннаға дейін өнім алынса, бұл жерден алынатын өнім 450 тоннаға дейін жетеді. Мұнда студенттер, магистрлер, PhD докторлары теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады. Жеке шаруа қожалық иелеріне де арнайы оқыту жұмыстары жүргізілмек.



«Бүгінде Қазақстанда қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып жылыжайлар салу қарқын алуда. Шындығында агроөнеркәсіптік кешенге студенттер, осы технологияларды қолдануда тікелей практикалық тәжірибесі бар мамандар қажет. Сондықтан бұл – Қазақстанның ЖОО үшін қажет мамандарды даярлауға өте жақсы мүмкіндік», - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.


«Жылыжай – қазақстандық ғылым үшін де, ауыл шаруашылығы үшін де үлкен мүмкіндік. Бұл жылыжай арқылы екі елдің қарым-қатынасы жақсара түседі деп ойлаймыз. Қазақстан болашақта өз ауылшаруашылық өнімдерін экспорттай алатын болады. Сондай-ақ талантты, жаңа технологияны меңгерген мамандарды тәрбиелеу үшін мол мүмкіндік береді», - Корея Ауыл шаруашылығы саясаты департаментінің директоры Ким Джон Ку.



Инновациялық жылыжай салу осыдан екі жыл бұрын Қазақстан-Оңтүстік Корея бизнес-форумында шешілген болатын. Сол кезде екі мемлекет басшылары ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласқан еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылыжай #смартфон #технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);