конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаң...

Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады

Әлеумет 13.01.2025, 08:57 1,337
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
primeminister.kz

Үкімет Алматы облысы, Кеген ауданының Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға 1,1 млрд теңге бөлді. Жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң аясында іске асырылып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Президенттің тапсырмасына сәйкес, Арнаулы мемлекеттік қордан алынған қаражат өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталуда.

Жаңа спорт кешені дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге және жарыстар ұйымдастыруға арналған. Кешенде бокс, күрес және басқа да спорт түрлеріне арналған бірнеше залдар қарастырылған.

2024 жылы елімізде 90 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан. Сонымен қатар, Үкімет 2025 жылдың соңына дейін 113 жаңа спорт нысанын салу және 26 спорт мекемесін реконструкциялауды жоспарлауда.

Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға шамамен 50,6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат есебінен 4 мектеп, оның ішінде музыкалық мектеп, спорт кешені, көпсалалы аурухана, жатақхана және 2 балабақша салынуда.

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң негізінде Арқалық, Астана, Алматы қалаларында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #актив #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);