ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматы облысында өкпесінің 90 пайызы зақымданған ж...

Алматы облысында өкпесінің 90 пайызы зақымданған жүкті әйел жазылып шықты

Медицина 22.10.2021, 07:37 1,258
Алматы облысында өкпесінің 90 пайызы зақымданған жүкті әйел жазылып шықты
Сурет: Inform.kz
47 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан әйелдің денсаулығы жақсарды

47 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан әйелдің денсаулығы жақсарды


Алматы облысының Іле ауданында өкпесінің 90 пайызы зақымданған жүкті әйел жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ем-шара ЭКМО (Экстракорпоралды Мембраналық Оксигенация) аппаратын пайдалана отырып жүзеге асырылды. Іле аудандық орталық ауруханасына жүкті келіншек COVID-19 диагнозымен, өкпесінің 90 пайызы зақымданған күйінде жеткізілген болатын. Аталған аурхана директоры Бауыржан Ысқақ Ербозымұлы науқас ЭКМО аппаратының көмегімен аман қалғанын айтты.



«9 тамыз күні 27 жастағы жүкті әйел (38-39 апта) өте ауыр жағдайда түскен болатын. Ауыр хәлде түскен әйелге дереу ота жасалып, бала аман-есен дүниеге келді. Бірақ науқастың жағдайы нашарлап, қанды оттегімен қанықтыратын ЭКМО аппаратына қосуға тура келді. Науқас 31 күннен кейін өздігінен дем ала бастады», - деді Бауыржан Ысқақ.



4 баланың анасы Баянсұлу Амангелдиева жансақтау бөлімінде медицина қызметкерлерінің көмегімен қайта аяққа тұрып, өздігінен дем алуды, қозғалуды үйренгенін айтады.



«Мен жансақтау бөлімінде 47 күн жаттым. Екі ай бойы балаларымды көру арман болды. Көпшілік жиналған жерде маска таққан емеспін. Бұл менің басты қателігім болды. Өйткені маска таққан кезде өзімді жайсыз сезініп, ауа жетпей тұрғандай сезінетінмін. Алайда бір жұтым ауаны өздігімнен жұта алмай қиналғанда қатты өкіндім. Қателігімнің салдарынан отбасымды, туған-туыстарымды, менің өмірім үшін екі ай бойы күрескен дәрігерлерді әуреге салдым. Қазір аман-есен жазылып, отбасыма оралдым. Дәрігерлерге алғысым шексіз»,- деді Баянсұлу Амангелдиева.



Айта кетейік, жұқпалы дертке шалдыққан тұрғын ауруханада 58 күн жатса, соның 47 күнін жансақтау бөлімшесінде өткізді. Іле ауданық ауруханасына одан өзге COVID-19 диагнозымен, өкпесі 80 пайызға дейін қабынған бес жүкті әйелді дәрігерлер аман алып қалды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.