AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы облысында ауыл тұрғындары ереуілге шықты

Алматы облысында ауыл тұрғындары ереуілге шықты

Әлеумет 09.01.2023, 09:30 869
Алматы облысында ауыл тұрғындары ереуілге шықты
Сурет: Ria.ru

20 мыңға жуық тұрғыны бар Шамалған газ мәселесінің зардабын тартып келеді.


Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылының тұрғындары ереуілге шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.


Тұрғындардың айтуынша, ауылға газ тасымалдаушы «Сигма» компаниясы жылу тарифін қайта-қайта қымбаттатып отыр.


Қарасай ауданында үш бірдей газ компаниясы бар. Соның бірі – «Сигма». Үш компанияның ішіндегі қымбаты осы «Сигма» екен, өйткені газды Ресейден тасымалдайтын көрінеді. Ауданның өзге ауылдары газдың бір кубына 26-28 теңгеден төлесе, Шамалған ауылының тұрғындары газдың бір кубына 35 теңге төлейді.


«Сигма компаниясы соңғы екі жылда газ бағасын он теңгеге көтерді. Газ қысымы өте төмен болды. Аязды күндері төрт күн жылусыз қалдық. Газды тоқтатып тастады. Компанияның қызмет сапасы төмен», - дейді тұрғындар.


Алматыны аяз қысқан күндері Қарасай ауданында бірнеше ауыл жылусыз қалған болатын. Себеп газ құбырларында су қатып, істен шыққан.


Әкімдіктің айтуынша, компания газ құбырларын тексермеген. Ереуілге келген аудан әкімі ауыл тұрғындарына компанияны тексеру туралы ұсыныс айтты.



«Сигма» компаниясына біздің де шағымымыз көп. Бірақ бұлай шулап, еш нәрсені шешпейміз. Ол жекеменшік компания болғандықтан, «тарифті түсір» деп талап қоюға хақымыз жоқ. Негізі бұл тарифті компанияға антимонополия бекітіп берген. Енді біз бірнеше адамнан құрылған комиссия құрып, компанияның жұмысына тексеру жүргіземіз. Көтерген тарифіне орай сапалы қызмет көрсетіп отыр ма, жоқ па, білуіміз керек. Тек содан кейін ғана тарифті арзандату туралы талап қоя аламыз», - дейді Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #тариф #компания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);