ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматы облысында әкелер кеңесі құрылды

Алматы облысында әкелер кеңесі құрылды

Өмір-өзен 02.11.2021, 14:36 1,585
Алматы облысында әкелер кеңесі құрылды
Сурет: Kyzylorda-News.kz
Әкелер кеңесі кейбір жауапсыз әкелердің алимент төлемеуі, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, қиындыққа тап болған әкелер мәселесін шешуге баса назар аударатын болады.

Әкелер кеңесі кейбір жауапсыз әкелердің алимент төлемеуі, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, қиындыққа тап болған әкелер мәселесін шешуге баса назар аударатын болады.


Алматы облысында тұңғыш рет әкелер кеңесі құрылды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы хабарлаған ҚазАқпараттың  ақпаратына сәйкес, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі әкелердің мәртебесі және жауапкершілігін жоғарылату, отбасылық құндылықтарды дамыту және нығайту мақсатында «Әке – отбасының тірегі» атты облыстық әкелер форумы өтті.



Жиынға отбасында, бала тәрбиесінде өз жауапкершілігін сезінген белсенді әрі түрлі сала қызметтерінде үлгі көрсетіп жүрген, ұрпағына саналы тәрбие беріп, көпке үлгі болып отырған, көпбалалы әкелермен қатар, жас әкелер де қатысты. Форум аясында олар түрлі тренингтерге қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Бүгінде отбасы тәрбиесіндегі, балалардың бойына патриоттық сезімді дарытып, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы әке рөлін көтеру мәселелеріне қоғам назарын аудару қажет. Осы орайда, форумда белсенді әкелердің басы қосылып, алдыңғы буынның оңды тәрбиесін, ата-аналар қауымдастығының жұмысын жетілдірудегі өзекті сұрақтарды талқылау сынды бірқатар мәселелерге тоқталды.



Сонымен қатар, жиналған қауымның ортақ ұсынысына сәйкес, тұңғыш рет облыстық Әкелер кеңесі құрылды. Аталмыш Әкелер кеңесі әкелік институтты насихаттаумен қатар, өңірде кейбір жауапсыз әкелердің алимент төлемеуі, аз қамтылған отбасыларға мекенжайлық көмек көрсету, оның ішінде әлеуметтік тұрғыда қажыған, отбасын асырауда қиындыққа тап болған әкелер мәселесін шешуге баса назар аударатын болады.


Әкелер кеңесінің өкілдерін жергілікті атқарушы органдарының жанындағы әртүрлі сараптамалық жұмыс топтарына тартылуы маңызды. Арқалар жүгі салмақты кеңестің төрағасы ретінде Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Төлепбергенов Мэлс Құлмұханұлы сайланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.