AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы музейлері Мажарстанда көрме ұйымдастырды

Алматы музейлері Мажарстанда көрме ұйымдастырды

Әлеумет 09.10.2024, 09:24 1,656 Bakyt
Алматы музейлері Мажарстанда көрме ұйымдастырды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қазақ мәдениеті мен тарихы: Алматы музейлері Еуропа елдерін бағындыруда

Мажарстан тұрғындары мен туристері «Қазақстан көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты көрмеге ерекше ықыласпен баруда. Көрмені Алматы қаласы музейлер бірлестігі мажар қыпшақтарының астанасы – Карцаг қаласында ұйымдастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Еуропалықтар назарына 200-ден астам экспонат ұсынылды, олардың арасында ұлы Абай Құнанбайұлына тиесілі домбыра, XIII ғасырда Алматы аумағында соғылған күміс тиындар (дирхемдер), XIII-XX ғасырлардағы шекелік, алқа, білезік, сырға және жүзіктер сынды дизайны оюлармен әсемделген әрі күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, жүннен тоқылған кілемдер, ат әбзелдері, музыкалық аспаптар және қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері жайында сыр шертетін тұрмыстық заттар бар.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Мажарстан аумағында Торғай даласынан Еуропаға қоныс аударған қыпшақ тайпаларының ұрпақтары тұрады, сондықтан бұл мәдени іс-шара жергілікті халық арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көрмеге келген Карцаг қаласының тұрғындарының бірі – Шандор Бене өз әсерімен бөлісті. 

«Бүгін біз көптеген экспонатты көрдік, олар екі ел арасындағы терең байланысты айқындайды. Бұл көрмені әкелгендеріңізге өте қуаныштымын, өйткені ол ортақ дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды және мәдениетімізді көрсетеді. Әсіресе жастар қазақтар мен мажарлардың бауырлас халықтар екенін білетін болады. Бізде Карцаг қаласында ат спорты үйірмелері бар. Балаларды арнайы сол дәстүрлерді қайта жаңғырту үшін береміз. Енді осы көрменің арқасында біз жастарға тарихымызды айтып қана қоймай, ата-бабаларымызды байланыстырған өмір салтын көрсете аламыз», – деді Карцаг қаласының тұрғыны Шандор Бене.

Көрме 20 қарашаға дейін жалғасады. Ол екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлігінде қазақ халқының дәстүрі, салты, әдет-ғұрыптары, сәндік-қолданбалы өнері мен ұлттық музыкалық аспаптары көрсетілген экспонаттар ұсынылса, екінші бөлімде Алматы қаласының сұлу табиғаты мен заманауи келбетін бейнелейтін фотосуреттер қойылған. Көрмені жергілікті халықпен қоса Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Карцаг қаласының мэрі Тибор Сепеши және елге ресми сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов тамашалады.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласы музейлер бірлестігі халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту аясында Алматы әкімдігінің қолдауымен Аустрияда, Италияда, Түркияда, Оңтүстік Кореяда көрме өткізіп, Франциядағы Луврда кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында оқу оқыған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көрме #Мажарстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);