AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматы музейінде «Өрім» көрмесі ашылды

Алматы музейінде «Өрім» көрмесі ашылды

Мәдениет 24.04.2023, 10:31 1,711 Нұржамал Әлішева
Алматы музейінде «Өрім» көрмесі ашылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы музейінде гобеленші, қазақстандық «Шебер» байқауының жеңімпазы, Еуродизайнерлер одағының мүшесі, халықтық және заманауи қолөнерді ұштастыра дәріптеп жүрген Құндыз Жылыбаеваның «Өрім» деп аталатын көрмесі ашылды. Оған қолөнершінің гобеленмен тоқылған жиырмадан астам туындысы қойылды.



«Гобелен – аса күрделі де кірпияз, асқан дәлдікті, талғампаздықты, сабыр, шыдамды талап ететін бекзат өнердің бірі. Бірақ осы өнерді жүрек қалауыммен таңдағандықтан, кез келген қиындығы мен шыжығына төзіммен қараймын. Маған бұл өнер еселеп шабыт сыйлайды. Бірнеше бояуды бір туындының өн бойынан көретін бақытты сәттерімді сөзбен өрнектеп жеткізе алмаспын», – дейді Құндыз Жылыбаева.



Осынау қиын да қызықты шығармашылық жолын небәрі төрт жасында бастаған гобеленші қыздың ұстазы гобеленнің анасы – Бәтима Зәуірбекова. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» демекші, оның әсіресе, жіптермен тоқылған құмыралары халықаралық байқауларда шетелдіктерді таңдай қақтырып жүр. Оның абыройын асқақтатып жүрген де сол көздің жауын ұрлайтын, бояулары қанық гобелен-құмыралары. Әзірге Қазақстанда мұндай гобеленді Құндыздан басқа ешкім тоқыған емес.«Өрім» көрмесіне сол құмыраларымен бірге, «Шашбаулым», «Бақыт құсы», «Даналықпен кездесу» сынды танымал гобелендері тұр.


Өзіміздің ұлттық болмысымызды бүгінгі күнге заманауи реңкпен жеткізіп жүрген, өнерді шексіз сүйетін қазақ қызы қазір екі бағытты қатар алып жүр. Біреуі – абстарктілі гобелендер (тезірек тоқылатын), ал екіншісі – өте ұсақ әдіспен тоқылатын шпалера. Осы екі бағыттағы өзгеше туындыларын көргіңіз келсе, Алматы музейіндегі «Өрімге» келіңіз. Көрме 5 мамырға дейін жалғасады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы музейі #Өрім #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);