AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы мен Шанхай ерекше қажеттілігі бар азаматтар...

Алматы мен Шанхай ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту және қолдау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Алматы 17.09.2026, 15:31 238
Алматы мен Шанхай ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту және қолдау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Алматы әкімдігі

Алматы мен Шанхай ерекше қажеттілігі бар азаматтарға медициналық және әлеуметтік оңалту, жұмыспен қамту және жан-жақты қолдау көрсету бағыттарындағы тәжірибе алмасуды күшейтпек, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осы мақсатта Алматыға Шанхайдың «Янчжи» оңалту ауруханасы, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу орталығы және ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығының өкілдері келді.

Жұмыс сапары барысында делегация №4 қалалық клиникалық аурухана жанындағы Өңірлік травматология және ортопедия орталығына барып, тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттары бар науқастарға медициналық көмек көрсету және оңалту тәсілдерімен танысты.

Келесі нысан «Мейірім» оңалту орталығы болды. Онда делегация балалар мен олардың отбасыларын кешенді оңалту және күнделікті өмірде қолдау тәжірибесімен танысты.

Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты – жұмыспен қамту. Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығында қонақтарға кәсіби бағдар беру, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және азаматтарға қолдау көрсету тетіктері таныстырылды. Атап айтқанда, адамның жұмыс орнына бейімделуіне көмектесетін Job Coach тәсілі туралы ақпарат берілді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелердің, Ерте араласу орталығының, қоғамдық бірлестіктер мен Алматының сарапшылық қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеуге келісті. Құжат тәжірибе алмасуды жолға қоюды, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды және әлеуметтік оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруды көздейді.

Сонымен қатар Алматыдағы медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметкерлері үшін Шанхайдың «Янчжи» оңалту ауруханасында тағылымдамадан өту мүмкіндігін қарастыру жоспарланып отыр. Бірлескен семинарлар мен практикалық оқыту бағдарламаларын өткізу де көзделген.

Бұл ынтымақтастық оңалтудың заманауи тәсілдерін тәжірибеге енгізуге, мамандардың кәсіби тәжірибесін арттыруға және мүгедектігі бар адамдар мен ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);