конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «...

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Барлығы 25.02.2026, 21:18 850
Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді
Алматы мемлекеттік бизнес колледжі

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық бағытындағы «Жылулық» акциясын ұйымдастырды. Іс-шара колледждің менеджмент және маркетинг циклінің онкүндігі аясында өткізіліп, болашақ мамандардың кәсіби білімін әлеуметтік жауапкершілікпен ұштастыруды мақсат етті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Акция барысында колледж ұжымы мен студенттері өз еріктерімен қаржылай қор жинап, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті сыйлықтар, арнайы арбалар мен тәттілер табыстады. Сонымен қатар, еріктілер орталық тәрбиеленушілеріне концерттік бағдарлама ұсынып, жылы лебіздері мен шынайы көңіл-күйін сыйлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде:
«Қайырымдылық жасау – азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Мейірімді қоғам құру – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деп атап өткен болатын.

Осы ұстанымды негізге алған колледж жастары игі істі нақты әрекетпен дәлелдеді.

Цикл жетекшісі, акция ұйымдастырушыларының бірі Оспанов Саят:
«Біз болашақ менеджерлер мен маркетологтарды тек кәсіби тұрғыда ғана емес, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде тәрбиелеуді көздейміз. Бұл акция – студенттердің жүрек қалауымен жасалған шынайы бастама. Олар қайырымдылықтың тек сөз емес, іс екенін көрсетті», – деді.

Ал «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Лязат Нурхаметовна өз кезегінде ризашылығын білдіріп:

«Біздің орталыққа келіп, балаларға қуаныш сыйлағандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Мұндай қолдау – тәрбиеленушілер үшін ғана емес, біз үшін де үлкен моральдық демеу. Жастардың мейірімділігі мен жанашырлығы – қоғамымыздың болашағына сенім ұялатады», – деп атап өтті.

Акция менеджмент және маркетинг циклінің онкүндігі аясында ұйымдастырылуы да ерекше мәнге ие. Себебі заманауи бизнес тек пайда табумен шектелмейді – ол әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделуі тиіс. Болашақ мамандар қоғамға пайда әкелудің маңызын ерте түсінуі қажет.

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері бұл жолы тағы бір маңызды қадам жасап, мейірімділік пен қамқорлықтың нақты үлгісін көрсетті. «Жылулық» акциясы – бір реттік шара емес, жастардың жүрегіндегі жанашырлықтың жалғасы.

Қайырымдылық – қоғамды біріктіретін құндылық. Ал осындай бастамалар саналы, жауапты әрі жүрегі кең ұрпақтың қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қайырымдылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);