AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалды...

Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды

Алматы 27.09.2026, 15:41 230
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Алматы әкімдігі

Пластик қақпақтарды қайта өңдеу үдерісі де көрсетілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биыл Almaty Marathon аясындағы экологиялық бағдарлама бірден бірнеше кезеңде – старттық жиынтықтарды тарату кезінде, жарыс жолында және мәреге жету аймағында ұйымдастырылды. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

Мәреге жету аймағында Eco Network алаңы жұмыс істеп, қатысушылар мен қонақтарға қалдықтарды бөлек жинау туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ қайта өңдеуге қандай қалдық түрлерін тапсыруға болатыны көрсетілді.

Бағдарлама аясында пластик қақпақтарды қайта өңдеу үдерісі де көрсетілді. Келушілер пластиктің қалай сұрыпталып, кейін қайта пайдалануға дайындалу үшін ұсақталатынын көрді. Мұнда қайта өңделген шикізаттан жасалған бұйымдар, соның ішінде «Мен Алматыны жақсы көремін» және «Марафонға жүгіремін» топтамаларынан брелоктар ұсынылды.

Балалар үшін қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеуге арналған экологиялық викториналар мен байқаулар ұйымдастырылды.

Қайта өңдеуге жарамды қалдықтар жарыс жолының бойында да жиналды. Су беру нүктелерінде еріктілер пайдаланылған пластик бөтелкелер мен стақандарды жинады. Марафон аяқталғаннан кейін олар сұрыпталып, өлшеніп, қайта өңдеуге жіберіледі.

Жұмыс Almaty Marathon Expo кезінде басталды. Старттық жиынтықтарды тарату күндері Eco Network еріктілермен бірлесіп, картон қораптар мен басқа да қаптама қалдықтарын жинап, кейін сұрыптау және қайта өңдеу үшін өткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);