ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы көрмесіне Шымкент суретшілерінің картиналар...

Алматы көрмесіне Шымкент суретшілерінің картиналары қойылды

Мәдени Алматы 11.11.2024, 12:58 1,370
Алматы көрмесіне Шымкент суретшілерінің картиналары қойылды
ҚР Мемлекеттік өнер музейі
Мегаполистегі Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Шымкент суретшілерінің «Түрлі-түсті жаңбыр» топтық көрмесі ашылды.

Мегаполистегі Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Шымкент суретшілерінің «Түрлі-түсті жаңбыр» топтық көрмесі ашылды. 

– Аталған көрмеде сол өңірден шыққан танымал, белсенді суретшілер Насыр Рүстемов, Араншы Шаржанов, Сұлтан Иляев, Абдуахат Мұратбай, Мұхтар Бекеновтың 50-ден астам туындысы қойылған. Олар постмодернизм үрдісі арқылы өз туындыларына өнердің қайнар көзі болатын қазақтың дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнерін жақындата түсті. Мәдени менталитетті нығайту үшін кейбір шығармалардың мәтіндеріне мифологиялық үзінділер беріп, ұлттық идея, дәстүр мен заманауи көзқарастарды біріктірген, – дейді көрме жетекшісі Сандуғаш Мырзабекова.

Н.Рүстемовтың көрмеге қойылған «Аймен жарықтанғандар», «Егіздер», «Түн», «Жанұя» және т.б. графикалары ақ-қара түстің үйлесімінде шешілген. Автор ықшамды пішіндер мен бейнелерге сәуле шағылыстыруда, адамның ішкі болмысын тұңғиықтан шығарып суреттейді. Авангардтық ағымдардың негізіндегі кейбір бейнелерді орналастыруда дәстүрлі және жаңа формалардың ара-қатынасын іздейді. Қара фондағы ықшамды жазықтар майыса келген сызықтармен дөңгеленіп бет-әлпеттер мен сюжетті көріністерді құрайды. Айта кету керек, суретші-мүсінші  еліміздің үлкен қалаларында адамдардың талғамының қалыптасуына әсер ететін кәсіби, терең мазмұнды ескерткіштер жасаған.

А.Шаржановтың «Күз», «Бұлақ басында», «Құрбылар» сынды т.б. композицияларында түстерді ойнатуы ерекше. Туындыларында қарбалас пен уайымнан айырылған баяулар өмір сүреді. Бұл ғылыми этнографиялық көзқараста, бір кездері өркениет шығындарынан азат болған халықтың өмір салты туралы ностальгиялық оймен ұштасады. Суретші қылқаламының ізімен пейзаждарында Оңтүстік Қазақстанға тән нәзік нюанстар эпикалық панорамалар орын алған. Ол таудың қыртысындағы, қардың үлпіліндегі, таңның атуындағы сәттерді еркін сезініп, реңктерді ұтымды қолданады. Суретші өз ішкі мәдениетінің арқасында, қазіргі таңда жиі кездесетін көшірмелер мен «кәдесыйлардың» азғыруынан аулақ бола алады.

С.Иляевтың «Күннің туылуы» 2023, «Ақ тау» 2023, «Толқын» 2024 «Бабалар үйі» 2024, және т.б. туындыларында қазақ сәндік-қолданбалы өнері, отбасы мүшелері, және жануарлар әлемі сынды элементтер негізгі орын алған. Ол мәңгіліктің бастауы болып табылатын уақытты кеңістікке енгізіп, рухани әлемге көз жүгіртеді. Автор қандай да бір кодтарды сипаттайтын белгілерді жетілдіруде олардың мағыналарын шоғырландырып, жаңа идеяларды көтереді. Әсіресе, көркемдік синтез түрінде көрініс тапқан «адамгершілік құндылықтары» мәселесі суретшіні толғандыратыны анық. Рәміз, белгілерден құралған композициялардың пішіндері сәндік дыбысты түспен жазылып, салыстырмалы пластикалық формаларымен алмасады. Осылайша шебер өзінің жеке стилистикасын, дара қолтаңбасын жасай алды.

А.Мұратбайдың «Ескі ауылда», «Алтын қайық», «Айтыс», «Құрбандық» және т.б. шығармаларында қазақтың ұлттық образдары модернизм ағымымен үйлесіп, құрақ техникасы стилінде жазылған. Кескіндемешінің өнерінде символдар мен бөлшектерде жасырылған ұлттық философияның элементтері, күрделі сәндік формалардың пластикасы арқылы көрінетін декоративтілік кездеседі. Кенеп беттеріндегі жағыстар қолдан жасалған гобелендерге ұқсас. Жұмыстар бір әдісте жазылған, бірақ автор стилистикалық шешімдердің шексіз алуан түрін табады, бұл көрерменді өз қиялының ойынына еруге итермелейді. Шығармалар көрме кеңістігіне халық мерекесінің көңіл-күйін әкелетін қуанышты атмосфера сыйлайды.

М. Бекеновтың «Кеме», «Афросиаб», «Келте Машат», «Аристотель мен Әл-Фараби», атты шығармаларында көне түркілік елді мекендер, ұмытылып бара жатқан рухани мәдениеттер туралы мәселелер көтерілген. Ежелгі өркениеттердің жетістіктеріне жүгіну, ұлттық бастауларға жеке назар аудару оның көркем қолжазбасын айқындайды. Қылқалам шебері өз шығармаларын шынайылықтан бастап, сәндік дерексіз формаларға дейін өзгертіп, жаңа композицияларды туындатады. Оның кейбір туындыларда өрнектелген ашық бояу жағыстары цифрлы теңбілдер іспетті құралған. Мұнда қызықты поэтикалық ойлар мен философиялық мазмұндар өзара тұтасып заманауи кескіндеменің дәстүрін береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.