ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы көркейіп келеді: ХҚБ жобасы негізінде Торай...

Алматы көркейіп келеді: ХҚБ жобасы негізінде Торайғыров көшесі түрлене түсті

Алматы 08.10.2025, 16:42 416
Алматы көркейіп келеді: ХҚБ жобасы негізінде Торайғыров көшесі түрлене түсті
Алматы әкімдігі
Бостандық ауданы Саин мен Кекілбаев көшелерінің арасындағы Торайғыров көшесі бойындағы жүргіншілер аймағын қайта құру аяқталды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы және тұрғындардың бастамасымен...

Бостандық ауданы Саин мен Кекілбаев көшелерінің арасындағы Торайғыров көшесі бойындағы жүргіншілер аймағын қайта құру аяқталды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы және тұрғындардың бастамасымен бұл аймақ серуендейтін, демалатын қоғамдық кеңістікке айналды. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімдігі хабарлады.

Бұрын иесіз бос жатқан аймақ бүгінде танымастай өзгерді. Жергілікті тұрғын Айман Бекбергенова шөбі қураған, жарығы жоқ аймақты абаттандыру жөнінде бастама көтерді. Оның бұл идеясын көршілері қолдап, соңынан ХҚБ жобасы бойынша көп дауыс жиналды. Соның нәтижесінде жоба қаржыландырылып, аудан әкімдігімен бірлесіп аймақ абаттандырылып, халық демалатын қоғамдық кеңістікке айналды.

Бүгінде Торайғыров көшесі – абаттандырылған қоғамдық кеңістік, оның жалпы алаңы 4,2 гектардан асады. Мұнда тактильді тақтасы бар кең тротуарлар, веложолдар, ағаш перголалары бар демалыс аймақтары, воркаут және балалар ойын алаңдары пайда болды. Қоғамдық кеңістік қауіпсіз және жайлы. 200 жарық шамы, 12 бейнебақылау камерасы орнатылып, ыңғайлы орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылған. 500 ағаш пен 1500-ге жуық бұта отырғызылған. Жасыл желек көз тартады. 

Аудан тұрғындары бұл өзгерістерге риза. «Мен басқа ауданда тұрамын, бірақ осы аймаққа жақын жерде жұмыс істеймін. Түскі үзілісте осында келіп, серуендеймін. Маған өте ұнайды», - деді алматылық Жансая Әмзе.

«Бұрын жаңбыр суы тротуардан асып, дүкенге дейін ағатын еді. Аймақта жоба негізінде біраз жұмыстар жүргізілгелі бері айнала танымастай өзгерді. Жастар мұнда фотосессия ұйымдастырады, біз ризамыз», - деді жергілікті тұрғын, дүкен сатушысы Жанна Жақиянова.

Кешке қарай алаңға келушілер көп болады, отбасылар балаларымен келеді, зейнеткерлер орындыққа отырып демалады, ал жастар таза ауада серуендеп, жаттығу жасайды. Жаңа қоғамдық кеңістік көпшілік жиналатын ортаға айналды», - деді жергілікті тұрғын Галина Жангелдина.

Қазіргі кезде қоғамдық кеңістіктің айналасы абттандырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін мұнда спорт алаңын, экоаймақ және гүлдер аллеясын ашу жоспарланып отыр.

Торайғыров көшесінің жаңа кейпі - қала тұрғындарының «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына белсенді қатысуының айқын дәлелі. Бұл жоба Алматыны көркейтумен қатар, қала тұрғындарының шаһарға деген сүйіспеншілігін де арттырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.