AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы Корея Республикасымен озық су технологиялар...

Алматы Корея Республикасымен озық су технологияларын енгізу үшін серіктестік орнатты

Барлығы 17.11.2025, 15:56 540 Дина
Алматы Корея Республикасымен озық су технологияларын енгізу үшін серіктестік орнатты
сурет: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы мегаполистің сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жаңғырту мақсатында халықаралық ынтымақтастығын нығайтып келеді. Алматы қаласы Энергетика және су шаруашылығы басқармасына қарасты «Алматы Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Корея Республикасының Ұлттық су өнеркәсібі кластерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Кореяның жетекші компанияларымен серіктестік Алматыдағы су шаруашылығын цифрландыруды жеделдетуге, халықаралық тәжірибені меңгеруге және су ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Корея Республикасы «Алматы Су» кәсіпорнының «Цифрлық егіз» жобасын жүзеге асыруға атсалысады. Бұл датчиктер, жасанды интеллект және симуляция негізінде нысандарды нақты уақыт режимінде бақылауға, талдауға және басқаруға мүмкіндік беретін виртуалды модель.

Пилоттық жоба ретінде бас тазарту нысандарына заманауи су өлшегіш құралдар орнатылды. Алдағы уақытта «ақылды» есептегіштерді қолдану бойынша ынтымақтастық аясын кеңейту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, энергия тиімділігі мен экологиялық тұрақтылықты арттыруға бағытталған су тазарту және сумен қамту жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобалар қарастырылған.
 
Бұл серіктестік жаңа цифрлық шешімдерді енгізуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және ресурстарды тиімді басқаруға жол ашады.

Корея Республикасының Ұлттық су өнеркәсібі кластері сумен жабдықтау, су тазарту және су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік құрылымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жеке компанияларды біріктіретін ұйым.

«Алматы Су» — Қазақстандағы сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ең ірі кәсіпорын. Ол Алматы қаласын ғана емес, оған іргелес елді мекендерді де сумен қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #корея #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);