ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы компанияларына студенттік жатақханалар құры...

Алматы компанияларына студенттік жатақханалар құрылысына инвестиция салу ұсынылады

Әлеумет 22.02.2022, 10:15 1,244
Алматы компанияларына студенттік жатақханалар құрылысына инвестиция салу ұсынылады
almaty-akshamy.kz
Алматылық кәсіпкерлерге алдағы 8 жылға мемлекеттік тапсырыс орнына студенттер жатақханасын салу ұсынылады. Бұл ұсынысты ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар...

Алматылық кәсіпкерлерге алдағы 8 жылға мемлекеттік тапсырыс орнына студенттер жатақханасын салу ұсынылады. Бұл ұсынысты ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Механизмге сәйкес, ЖОО, колледж немесе жеке кәсіпкер студенттік жатақхана үшін ғимарат салып немесе қайта құра алады және объект пайдалануға берілгеннен кейін өтемақы ала алады. 2022 жылы еліміз бойынша 11 057 орынды 32 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алпамыс Сатыбалдин кез келген әлеуметтік нысанның құрылысы табысты, тұрақты ғана емес, сондай-ақ перспективалы бизнес-жоба екенін атап өтті.



Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың басты шарты студенттің тұру фактісі болып табылады. Яғни жан басына қаржыландыру қағидаты жұмыс істейді. Мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, барлық ұйымдарда орналастырылады.



Бір студентке мемлекеттік тапсырыстың жыл сайынғы мөлшері: құрылыс кезінде 122 АЕК (Алматы қаласында – 144 АЕК), қайта жаңарту кезінде - 47 АЕК (Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін 92 АЕК) құрайды. Бұл ретте алғашқы 12 айда мемлекеттік тапсырыс екіге тең түзету коэффициентін ескере отырып төленеді. Мысалы, іс жүзінде 100 адам тұрады, төлемдер 200 адамға төленеді, бірақ жатақхананың жобалық қуатынан аспайды. Осы мақсатта республикалық бюджетте 152 млрд теңге қарастырылған.



«Мемлекеттен төлеу мерзімі өткеннен кейін объект құрылыс салушының меншігінде қалады. Объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалықты 20 жыл мерзімге тіркеу жалғыз шарт болады. Бұл жобаға қатысу – бизнес үшін инвестициялар тұрғысынан тиімді ұсыныс қана емес, сонымен қатар отандық білім беру деңгейін жақсартуға өз үлесін қосу мүмкіндігі», - деп хабарлады спикер.



Алпамыс Сатыбалдин атаған тағы бір артықшылық - мемлекеттік тапсырысты орналастырумен қатар меншік иесінің қосымша табыс көздері де болады. Осылайша, студенттердің тұру үшін ай сайынғы төлемі мемлекеттік тапсырыс құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхана иесі реттейді және белгілі бір аймақтың тұрғын үй нарығының жағдайымен анықталады.


Сондай-ақ, кәсіпкер тұрмыстық қызмет көрсету үшін коммерциялық алаңдар жасай алады, олардың негізгі тұтынушылары тұрғындар болады (асхана, шаштараз, тренажер залы және тағы басқалар).


Бүгінде аралық нәтижелер бар – 30 630 орындық 124 жатақхана пайдалануға берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.