AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қо...

Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды

Мәдени Алматы 10.04.2026, 10:24 495
Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды

Биыл наурыз айынан бастап Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы ресми түрде іске қосылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл оқырмандарға білімге қолжетімділіктің жаңа мүмкіндіктерін ұсынатын заманауи цифрлық сервис. Қосымша алғаш рет Наурыз мерекесіне орай өткен «KitapFest-2026» кітап фестивалінде көпшілік назарына ұсынылды.

Жаңа қосымша пайдаланушыларға кітапхана қызметтерін цифрлық форматта ыңғайлы түрде пайдалануға жол ашады. Енді оқырмандар оқырман билетін онлайн рәсімдеп, кітап қорымен қашықтан таныса алады. Сонымен қатар, тіркелген қолданушылар өткізілетін іс-шаралар мен әдеби жаңалықтар туралы ақпарат алып отырады. Геолокация функциясы арқылы өзіне ең жақын кітапхананы оңай анықтай алады.

Қосымша арқылы рәсімделген электрондық оқырман билеті барлық филиалда жарамды және өзін-өзі қызмет көрсету құрылғыларында қолдануға болады.

Бұған қоса, кітаптарды үйге жеткізу қызметі де мобильді қосымша арқылы қолжетімді. Бұл қызмет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін ұсынылып, олардың ақпаратқа тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Қосымшаны дамыту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: бастапқыда тек Android жүйесінде қолжетімді болған сервис 6 сәуірден бастап iOS операциялық жүйесін пайдаланушылар үшін де қолжетімді болды.

Осылайша, кітапхана қызметі бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. Енді оларды кез келген уақытта мобильді қосымша арқылы пайдалануға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы кітапханалары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);