ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы жылыту маусымының алдында қауіпсіздікті күш...

Алматы жылыту маусымының алдында қауіпсіздікті күшейтті

Алматы 16.09.2025, 12:25 423
Алматы жылыту маусымының алдында қауіпсіздікті күшейтті
depositphotos.com
2025–2026 жылғы жылыту маусымына даярлық аясында Алматыда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оқыс оқиғаның санын азайтуды көздейтін үлкен науқан басталды. Әсіресе отынмен жылитын, қауіпті...

2025–2026 жылғы жылыту маусымына даярлық аясында Алматыда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оқыс оқиғаның санын азайтуды көздейтін үлкен науқан басталды. Әсіресе отынмен жылитын, қауіпті аймақта орналасқан үйлер ерекше бақылауға алынды. Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Константин Канин Өңірлік коммуникациялар қызметінде осылай деп мәлімдеді.

15 тамыздан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жылу маусымында төтенше жағдайдың алдын алуды көздейтін іс-шаралар жүргізе бастады. Қазір 151 мыңнан астам жеке тұрғын үй есепте тұр. Қатты отынмен жылитын 1 450 үй мен өртенуге ең бейім 5 605 үйді бақылауға алған.

Халықты құлақтандырып, оқыс жағдайдың алдын алу үшін насихаттау мен түсіндірме жұмысы да қоса қолға алынды. Әлеуметтік осал топтағылар тұратын 686 үй мен оғаш қылықты адамдар тұратын 2067 үй осындағы ең қауіпті санатқа кіреді. «Қауіпсіз пеш», «Таза түтін» мен «Көмек қолы» деп аталатын акциялардың аясында осылардың барлығы тексеруден өтті.  

25 қыркүйектен бастап өрт қауіпсіздігі айлығы да басталады. Осы уақыт ішінде жеке сектордағы және көпқабатты үйлердегі тұрғындармен кездесіп, үйлерді аралап шықпақпыз. ТЖД қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің талаптарын түсіндіреді. Тұрғындарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулықтар мен буклеттер таратылады.

Бұл жұмыс «Қызыл Ай Қоғамы», «Lider.kz» мен «Қазақстан еріктілер лигасы» сияқты ұйымдар мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік бөлімшесімен бірлесіп жүзеге асып отыр. Газ қазандығын қолданатын үйлерге ерекше назар аудармақ.

Халықтың кеңінен хабардар болуы үшін Департамент өрт қауіпсіздігі ережелері туралы еске салу СМС-хабарламаларын ұйымдастырып, 7,6 миллионнан астам абонент хабарлама алды.

Интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде 260 профилактикалық материал жарық көрді. Халық көп жиналатын нысандарда жылу құрылғыларын қауіпсіз пайдалануды насихаттау жағы да ескерілген.  

«Жылыту маусымы кезінде түтін шығаратын қондырғыны кемінде екі айда бір рет тазалап тұру керек. Пешті шамадан тыс қыздырмаңыз, оларды тез тұтанатын, лап ете қалатын затқа жақын орналастырмаңыз. Газбен жұмыс істейтін пешті пайдаланудың нұсқаулығын қатаң сақтаңыз. Пешті, газ колонкасын, ас үй плитасын, керогаз бен электр құрылғыларын балалардан аулақтау ұстап, қараусыз қалдырмаңыз», — деп қорытты Константин Канин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,983 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.