ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы жолдарында шетелдік көліктердің қатысумен 5...

Алматы жолдарында шетелдік көліктердің қатысумен 50-ден астам ауыр жол апаты орын алған

Заң мен тəртіп 11.11.2021, 06:34 863
Алматы жолдарында шетелдік көліктердің қатысумен 50-ден астам ауыр жол апаты орын алған
Сурет: Polisia.kz
Жыл басынан бері РФ көліктерінің жүргізушілері жасаған 59 364 құқық бұзушылық тіркелген

Жыл басынан бері РФ көліктерінің жүргізушілері жасаған 59 364 құқық бұзушылық тіркелген


Алматыда жыл басынан бері РФ нөмірі бар көлік жүргізушілері жасаған 60 мыңға жуық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы қалалық ПД қалада жыл басынан бері РФ көліктерінің жүргізушілері жасаған 59 364 құқық бұзушылық тіркелгенін хабарлады. Айыппұл 21,3 миллион теңгеден астам соманы құрады.



«Айта кету керек, жол қозғалысына қатысушылардың осы санатындағы көлік жүргізу тәртібі нашар. Шет мемлекеттердің нөмірлері “Жол қозғалысы қауіпсіздігі” және “Сергек” автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы танылмайды деп жаңылысып, олардың жүргізушілері барлық жерде жол қозғалысы ережелерін бұзады: жылдамдықты шектен тыс асырады, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай, қиылыстарды кесіп өтеді, қарсы келе жатқан жолаққа өтеді, жол белгілері мен таңбалау талаптарын сақтамайды және т.б. Мұндай мәдениетсіздік көбінесе апаттар мен қайғылы зардаптарға әкеледі. Түрлі қулыққа бару арқылы жауапкершіліктен жалтару әрекеттері сәтті аяқталмайтынын және нәтижесіз болатынын ресми түрде мәлімдейміз. Заң – бәріне бірдей. Жол қозғалысы ережелері қатаң сақталуы тиіс», – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.



Алматы жолдарында шетелде тіркелген көліктердің қатысуымен 50-ден астам ауыр жол апаты орын алған. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 59 адам жарақат алды.



«Естеріңізге сала кетейін, Наурызбай ауданында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды. РФ тіркелген ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі, 2001 жылы туған О.есімді азамат Карьерная көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағыттағы жолаққа шығып, КамАЗ көлігімен соқтығысты. Осы оқиға салдарынан ВАЗ жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бостандық ауданында ауыр зардаптарға әкелген тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Нөмірі Ресейде тіркелген Infiniti жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен келе жатып, рөлді басқара алмай қалды және бөгетке соқтығысты. Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан жас жолаушы-әйел ауыр жарақат алды. Жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деп түйіндеді Алмасбеков.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.