AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы жастарының дәрігерлік-әлеуметтік көмек алуы...

Алматы жастарының дәрігерлік-әлеуметтік көмек алуы жеңілдетілді

Әлеумет 12.05.2025, 16:46 881 yakiya
Алматы жастарының дәрігерлік-әлеуметтік көмек алуы жеңілдетілді
Алматы әкімдігі

Алматыда жастар денсаулығы орталығынан кеңес сұрағандар көбейіп, әйел адамдарды әртүрлі бағдарламаға тарту жағы еселеп өскен, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматының денсаулық сақтау Басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Жадыра Ахметова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен коференциясында осылай деп хабарлады.  

«Репродуктивті денсаулықты қорғау – Алматының әлеуметтік саясатындағы ең маңызды сала. 2025 жылғы бірінші тоқсандағы мәліметке қарағанда, отбасын жоспарлау, дәрігерге қаралу мен жастармен жұмыс істеу мәселесінде үлкен ілгерілеу бары байқалды», - деді Жадыра Ахметова. 

Спикердің ақпаратына қарағанда, 2025 жылдың 1 сәуірінде Алматы тұрғындарының саны 2 348 096 адамға жеткен. Бұл 2023 жылғы сол уақытпен салыстырғанда 5,6%, 2024 жылғымен салыстырғанда 2,5% көп. Балалардың саны 2,5%, жасөспірімдер жағы 18%-ға өскен. 

Әйел азаматтарды ана атануға даярлау жағына да көп көңіл бөлініп жатыр. Босануға әзірлік жағы 2024 жылғымен салыстырғанда 19,1%-дан биыл (жоспар – 48%) 50 %-ға өскен. Бұл әйелдердің дәрігерлік тұрғыда сауаты артып, профилактикалық і-шаралардың нәтиже бере бастағанын көрсетеді.  

«Прегравидарлық дайындықпен қамтудың артуы – аналар мен балалардың денсаулығына төнетін қауіп-қатері азайтуға септігі тиетін маңызды қадам. Көрсеткіштің 2024 жылмен салыстырғанда 19,1%-дан 50,8%-ға дейін өсуі жаңа тәсілдердің сәтімен енгізіліп, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жақсарып, әйелдердің ақпараттану деңгейінің артқанын дәлелдейді», - деді Жадыра Ахметова.

Сондай-ақ, Алматыда Жастар денсаулық орталықтары (ЖДО) - жасөспірімдер мен жастар кешенді медициналық-психоәлеуметтік қолдау алатын мамандандырылған мекемелердің жұмысы да жанданып жатыр. Қалада қазір осындай 14 орталық жұмыс істейді. 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орталықтарға 25 мыңнан астам адам жүгінген, бұл өткен жылдың осы уақытпен салыстырғанда 66%-ға артық.

Сонымен қатар, көмек алатындар көбіне психологтарға (8627 рет), терапевтерге (6063), гинекологтар (5745) мен урологтарға (2225) қаралған.

Орталықтарда қазір 98 маман жұмыс істейді, олардың 60%-ның репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша арнаулы сертификаты бар. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға толық сәйкеседі.

«Алматыда репродуктивті денсаулықты қорғауға бағытталған бастамалар медициналық көмекті ғана емес, сонымен бірге білім беру, ағарту мен психоәлеуметтік саланы да қамтыған. Мұндай қадамдар халық денсаулығын нығайтуға, ата-ана мәдениетін қалыптастырып, қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға ықпал етеді», - деп түйіндеді спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жас #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);