AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы және Жетісу облыстары ауруханаларына 14 млн...

Алматы және Жетісу облыстары ауруханаларына 14 млн теңге айыппұл салынды

Медицина 25.07.2022, 08:18 2,010
Алматы және Жетісу облыстары ауруханаларына 14 млн теңге айыппұл салынды
Сурет: Cenzura.md

Лауазымды тұлғаларға 3 айыппұл салынды.


Медициналық қалдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін Алматы және Жетісу облыстарының денсаулық сақтау объектілеріне 14 млн теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Алматы облысының санитарлық қызметі денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға және сақтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына байланысты жалпы сомасы 14 млн теңгеге 74 айыппұл салды. Оның ішінде медициналық қалдықтарды жинау, сақтау және есепке алу мерзімдері бойынша заң бұзған жеке тұлғаларға 69 айыппұл, лауазымды тұлғаларға 3 айыппұл және медициналық қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайын жарақтандыру және жабдықтау жөніндегі нормаларды сақтамағаны үшін заңды тұлғаларға 2 айыппұл салынды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.



Ведомствоның ақпаратына сәйкес, медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға және сақтауға қойылатын санитарлық талаптардың сақталуы облыстық СЭБД тұрақты назарында.


Бүгінгі таңда департаментінің бақылауында 1793 медициналық ұйым бар.


Медициналық ұйымдардың әрбір құрылымдық бөлімшесінде медициналық қалдықтармен жұмыс істеу схемасы әзірленіп, медициналық қалдықтарды жинау және уақытша сақтау үшін жауапты тұлғалар бекітілген.


Медициналық қалдықтар арнайы бір рет қолданылатын полиэтилен пакеттерге және қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарға жиналады. Олар медициналық қалдықтардың класына байланысты белгіленеді. 


Бекітілген кестеге сәйкес мамандандырылған ұйымдармен жасалған келісімшарт негізінде шығарылып, жойылады. 


Бұл мекемелерде қалдықтарды дұрыс жоюға арналған пештер мен жабдықтар бар.


Департаменттің аумақтық басқармаларының бақылауында медициналық қалдықтарды жоюмен айналысатын 14 ұйым бар. 


Оның біреуі өңдеу қуаты сағатына 120 килограмнан астам болғандықтан, эпидемиялық маңызы жоғары, қалған 13-і эпидемиялық маңызы болмашы объектілер саналады. 


Жыл басынан бері медициналық қалдықтардың «А» сыныбының қалдықтары – 5721, 906 тонна, «Б» сыныбындағы эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар – 18620,075 тонна, «В» сыныбының эпидемиологиялық аса қауіпті қалдықтар – 3360,991 тонна, «Г» сыныбындағы токсикологиялық медициналық қалдықтардан – 3616 дана шығарылды.


Олар - бактерицидтік, люминесцентті, құрамында сынап бар, жарық диодты шамдар, термометрлер, гигрометрлер және рентген пленкалары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #.аурухана #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Бүгін 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Бүгін 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Бүгін 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Бүгін 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);