ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы испаниялық телешоуда көрсетілді

Алматы испаниялық телешоуда көрсетілді

Алматы 23.01.2026, 14:56 250
Алматы испаниялық телешоуда көрсетілді
Алматы әкімдігі
Испаниядағы танымал "Мадридтіктер бүкіл әлемде" тележобасының Мадридте эфирге шыққан жаңа шығарылымы Қазақстанға арналды. Бағдарлама авторлары елдің ең көрікті әрі өзіндік бояуы қанық...

Испаниядағы танымал "Мадридтіктер бүкіл әлемде" тележобасының Мадридте эфирге шыққан жаңа шығарылымы Қазақстанға арналды. Бағдарлама авторлары елдің ең көрікті әрі өзіндік бояуы қанық мегаполистерінің бірі ретінде Алматыға ерекше назар аударды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты. 

Түсірілім жұмыстары Almaty Tourism Bureau қолдауымен өтті. Мекеме телетопқа ілесіп, қаланың туристік әлеуетін таныстырды. Шығарылымда Вознесенский соборына, Көк базар және Atlético de Madrid футбол клубының академиясы көрсетілді.

Тележоба Алматының күнделікті тыныс-тіршілігін, мәдени сан алуандығын, салт-дәстүрі мен көркем табиғи келбетін айшықтайды. Ал жобаның кейіпкерлері – мадридтік Мигель, Николас пен Аврора қала мен оның тұрғындары туралы әсерін айтады. 

Бағдарлама Telemadrid телеарнасынан көрсетіледі. Ол шетелде өмір сүріп немесе саяхаттап жүрген испандықтардың оқиғасы арқылы көрермендерді әртүрлі елдердің тұрмыс-тіршілігімен, мәдениеті мен өзіндік ерекшеліктерімен таныстырады.

Қалалық туризм басқармасының дерегіне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Алматыға келген испандық туристер саны 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,8 пайызға артқан. Ал болжам бойынша 2026 жылы Алматы шамамен 750 мың шетелдік қонақты қабылдайды. Бұл қаланың халықаралық туристік кеңістіктегі беделінің артып келе жатқанын аңғартады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.