AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы хайуанаттар бағына Жаңа Гвинеядан алып кесі...

Алматы хайуанаттар бағына Жаңа Гвинеядан алып кесірткелер әкелінді

Алматы 13.03.2026, 11:14 352 Дина
Алматы хайуанаттар бағына Жаңа Гвинеядан алып кесірткелер әкелінді
Алматы әкімдігі

Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін жануарлармен толықты. Енді хайуанаттар бағына келушілер Сальвадор кесірткелерін көре алады. Бұл бауырымен жорғалаушының отаны – Жаңа Гвинея. Табиғатта ол әлемнің басқа жерінде кездеспейді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сальвадор кесірткесі (Varanus salvadorii) кей елдерде артеллия, кабарагойя немесе «қолтырауын кесірткесі» деген атаулармен де белгілі. Ол ірі дене бітімімен, ұзын әрі қуатты құйрығымен және қолтырауын терісіне ұқсас ерекше қабыршақты терісімен ерекшеленеді.

Он жастан асқан кесірткелер жұбы Индонезиядан жеткізілген. Қазір олар жаңа ортаға бейімделіп үлгерді.

«Бауырымен жорғалаушылар зообағымызда өздерін жақсы сезінуде. Олар табиғи мекен ету ортасына барынша ұқсатып жабдықталған террариумды зерттеп жүр. Мұнда жоғары температура мен ылғалдылық сақталады. Кесірткелер бұл жерде өсіп-өніп, ұзақ әрі белсенді өмір сүреді деп сенеміз», – деді «Экзотариум» бөлімінің жетекшісі, герпетолог Александр Гурнев.

Келушілер бұл ерекше жануарларды зообақтың «Экзотариум» бөлімінен көре алады. Сонымен қатар олардың екі айыр тілі арқылы жемін қалай табатынын да бақылауға мүмкіндік бар.

Алматы хайуанаттар бағы баршаңызды экзотикалық бауырымен жорғалаушылар әлемімен танысуға шақырады!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);