Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Алматы Бүгін 17:45 26
Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады
фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласында Мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясы өтті. Сессия барысында депутаттар 2026 жылға арналған қала бюджетін нақтылау мәселесін қарады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бюджетті нақтылау ішкі қайта бөлу есебінен жүргізіліп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым жобаларын іске асыруға бағытталды. Қаржылық тұрақтылық құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және сауда салаларындағы өсім есебінен қамтамасыз етілді. Осылайша, 2026 жылға арналған Алматы қаласының нақтыланған бюджеті 2 трлн 806,4 млрд теңгені құрады.

Нақтыланған бюджет шеңберінде негізгі басымдықтардың бірі – әлеуметтік сала. Білім беру инфрақұрылымын дамытуға қомақты қаражат қарастырылған. Атап айтқанда, Түрксіб ауданында 2 мың оқушыға арналған мектеп сатып алу, бірқатар мектептер мен жатақханалардың құрылысын аяқтау, «Дарын-1» шағынауданында шығармашылық мектебін салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған білім беру нысандарына қосымша ғимараттар тұрғызу жоспарланған. Бұдан бөлек, «Алғабас» шағынауданында жатақханасы бар инновациялық техникалық колледжді пайдалануға беру көзделіп отыр.

Денсаулық сақтау саласында Медеу ауданында №2 Қалалық перзентхананың жаңа ғимаратының құрылысын бастау, сондай-ақ «Шұғыла» шағынауданында бір ауысымда 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған.

Мәдениет пен туризмді дамытуға ерекше назар аударылды. Биыл Н. Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театры ғимаратын реконструкциялау және жапсаржай салу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ туристік инфрақұрылымды дамыту аясында Үлкен Алматы көліне дейін жаяу туристік жол салу жобасы іске асырылады. Жобаға сәйкес, кіреберіс топтан бастап көл маңындағы шолу нүктелеріне дейін ұзындығы 5,3 км болатын ұйымдастырылған маршрут абаттандырылады. Заманауи навигация жүйесі, ақпараттық стендтер, демалыс аймақтары, санитарлық модульдер және қауіпсіздік элементтері орнатылады. Маршрут бойында шатқал мен көл айдынына панорамалық көрініс ашылатын шолу алаңдары, фотолокациялар, сондай-ақ аумақтың флорасы, фаунасы мен гидрологиясы туралы экологиялық ақпарат нүктелері қарастырылады. Қолжетімді әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше мән беріліп, күрделі учаскелерде баспалдақтар, төсемдер, қоршаулар және жарықтандыру жүйелері орнатылады.

Қаланың көлік қаңқасын қалыптастыру да басым бағыттардың бірі болып қала береді. Қаражат Төле би көшесін, Саин және Оңғарсынова көшелерін пробивка жасауды аяқтауға, жаңа мектептерге кірме жолдар салуға, сондай-ақ қоғамдық көлікке арналған тұрақ-айналма алаңдарын құруға бағытталды.

Қосымша түрде абаттандыру және сәулеттік-көркем жарықтандыру жобалары қарастырылған. Бұл – қаланың бірқатар көшелеріндегі қоғамдық кеңістіктерді жаңарту және алты аудан бойынша 159 ғимаратты жарықтандыру.

Қарау қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған нақтылауларды қолдады. Қабылданған өзгерістер қаладағы маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды уақтылы іске асыруға, Алматының орнықты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сонымен қатар, сессия барысында депутаттар Алматы қаласының кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік «Almaty Business – 2030» бағдарламасын бекітті.

Бағдарлама шағын және орта бизнесті қолдаудың негізгі құралына айналып, заманауи экономикалық сын-қатерлерге бейімделеді. Оның аясында экономиканың басым салаларын қолдау, өндірістік секторды, креативті индустрияларды, туризм мен инновациялық бизнесті дамыту көзделген.

Бағдарламада жаңа қаржылық тетіктерді енгізу қарастырылған. Атап айтқанда, әлеуметтік кәсіпкерлікке кепілсіз кредит беру, қаржыландыру лимиттері мен сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарау, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың инвестициялық жобаларға қатысу тетіктерін кеңейту жоспарланған.

«Almaty Business – 2030» бағдарламасын іске асыру инвестициялық белсенділікті арттыруға, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық түсімдерін ұлғайтуға және қаланың экономикалық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#депутат #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41

Алматы жаңа IT-көшбасшылар буынын қалыптастырып жатыр: BilimHack–2026

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.